Атырау, 28 желтоқсан 00:11
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қысқа қайырғанда

2 273 просмотра

Сотта Индер аудандық әкім-дігінің құрылыс бөлімінің екі жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қаралу үстінде. Қаржы полициясының тергеу болжамы бойынша, 2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейінгі кезеңде олар Құрылыс және Ынтымақ ауылдарында су тазалау құрылғылары жүйесінің орындалған құрылыс жұмыстарының әдейі жалған толтырылған актілеріне қол қойған.  

 

ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 21 тамызда Қарабатан-Доссор тас жолының 38 шақырым жолында «Волга» автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Хонда» автокөлігіне соқтығысты. Жол көлік оқиғасы салдарынан оның 1991 ж.т. жүргізушісі орнында көз жұмды. 

 

Тамыздың 20-да кешкі мезгілде Доссор поселкесінде «Лексус» автокөлігі айдап әкетілді. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Байшонас ауылының 25 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. 

 

Қаржы полициялары малдың ветеринариялық тексеріл-гендігі жөніндегі анықтамасын тездетіп беру үшін мал иелерінен бірнеше рет пара алғаны үшін күдіктелген қалалық ветеринариялық бөлімінің дәрігеріне қатысты қылмыстық іс (4 факт бойынша) қозғады. Ал шындығына келгенде, ешқандай тексеру жүргізілмеген. Дәрігерге ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берілді. 

 

Сотта ақылға сыймайтын қызметтер мен жұмыстар үшін әр түрлі шаруашылық жүргізетін адамдарға заңсыз қолма-қол ақша бергендігі үшін айыпталған «Промсибтау» ЖШС-нің екі жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қаралуда. Мемлекетке келтірілген шығын 59 млн. теңгені құрады. 

 

Қаржы полициясы «ДендерСтройПирамида» ЖШС директорының жалған кәсіпкерлік қызметі бойынша қылмыстық істі тергеу үстінде. Келтірілген шығын 33 млн. теңгені құрап отыр. Осындай қылмысты жасағаны үшін «БАН-Сервис» ЖШС жалған мекемесінің жетекшісі жауапқа тартылуда. Шығын - 55 млн. теңге.

 

«ИнтерСтройСервис» ЖШС және «АлиарСтройСнаб» ЖШС жалған мекемелерін ашқандарға шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Олар өз фирмаларының реквизиттерін пайдалана отырып, әртүрлі мекемелерге жалған шот-фактураларды жазып беріп отырған және қаражатты қолма-қол алып отырған. Осылайша, мемлекетке 128 млн. теңгеден астам сомада шығын келтірген.  

 

5546 (ІІМ) әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесінің бастығы 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оны өзіне бағынышты қызметкерден қызметке алынуына көмектескені  үшін және алдағы уақытта да оны қамқорлауы үшін 70 мың теңге пара алу кезінде қаржы полициясы ұстаған болатын.

25 тамыз 2011, 23:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.