Атырау, 26 қараша 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан парламенті мемлекеттік жастар саясаты және оның тиісті түзетулері туралы заң қабылдады

6 348 просмотра

Фото: youthpolicycenter.kzФото: youthpolicycenter.kzАстана. 22 қаңтар. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. ҚР парламентінің сенаты бейсенбідегі алқа отырысында ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасын қабылдады.

Осылайша, заң қабылданған болып саналады және мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

«Сенат депутаттары талқылау барысында қазақстандық патриотизмді нығайту, тұрғын үй қатынастары саласында өкілетті орган құзырлығын бекіту, жастар ұйымдарының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын анықтау, еріктілер қызметі мен жастардың өз-өзін басқару қызметін реттеу мәселелеріне қатысты бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізді», - делінген палатаның салалық комитетінің қорытындысында.

«Заң жобасының мақсаты – жастарды дамытуға, олардың мемлекет өміріне белсенді араласуына жағдай жасау. Заң жобасы мемлекеттік жастар саясатының ортақ қағидалары, міндеттері мен механизмдерін белгілейді», - деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сенатта заң жобасының танысытырылмында.

Заң жобасы 5 тараудан 31 баптан тұрады.

«Мемлекеттік жастар саясатының 3 негізгі міндеттері анықталған, атап айтсақ, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне араластыру, азаматтылыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту», - деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мыналар: сапалы және қол жетімді білім беру, ғылыми-техникалық қарымын дамыту, денсаулығын сақтау және нығайу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыспен қамтуға жағдай жасау, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жағдай жасау, жас отбасылар үшін қол жетімді баспана жүйесін дамыту, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тәрбиелеу, экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру, дарынды жастардың дамуына ықпал ету, мәдени демалыс пен бос уақытын өткізуге жағдай жасау.

Сондай-ақ сенат «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықытырулар енгізу туралы» заң жобасына да тиісті түзетулер енгізді.

Дереккөз: ҚазТАГ

22 қаңтар 2015, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.