Атырау, 19 мамыр 07:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан мен Италия қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды

2 360 просмотра

Қазақстан мен Италия арасында қылмыскерлерді ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарттарға қол қойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды. Дауылбаев осы маңызды оқиғаның Еуропалық қауымдастықпен құқықтық қатынастың үдемелі дамуының және Қазақстанның құқықтық жүйесіне сенімнің көрінісі екенін айтып өтті.

Италия - қылмыстық-құқықтық саладағы мемлекетаралық шарттардың толық жинағын жасасқан алғашқы еуропалық елдердің бірі. 2013 жылдың қарашасында екі ел арасында сотталған адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қойылды және Қазақстан оны өткен жылдың күзінде ратификациялады. Шарттар күшіне енген соң екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқықтық негіздер пайда болады.

Тараптар шарттарға қол қою қылмысқа қарсы күрес саласындағы әріптестікті нығайту, аталған бағыттағы қадағалау және құқық қорғау органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болғанын атап өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қаңтар 2015, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.