Атырау, 28 желтоқсан 00:09
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Подполковник прокурордың ізіне түсті...

3 753 просмотра

Қалалық сот облыстық криминалды полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Руслан МЫРЗАБАЕВҚА  және оның танысы, АМӨЗ ЖШС-нің қызметкері Еркін ЕШЛАНОВҚА үкім шығарды. 

ҚР Бас прокурорының көмекшісі Нұрлыбек СӘБИТОВТІҢ басшылығымен ҰҚКД және қаржы полициясы қызметкерлерінің бірлескен тобы жүргізген тергеу болжамы бойынша, істің желісі мынадай. 21 наурыз күні таңғы сағат бестер шамасында аздап ішімдік жұтқан аталмыш азаматтар кафеден шығап «Тойота Прадо» автокөлігіне отырады. Көлікті «тергеу барысында анықталмаған» ер адам жүргізеді, олар сөйтіп, Азаттық даңғылы бойымен қозғалады. «Тойота Раф-4» (көлемі сәл кіші жолсызбен жүретін көлік) оларға неге ұнамай қалды және осы оқиғаға дәл қандай себеп болды, ол туралы хабарланбайды. Алайда, дәл осы жоғары шенді полицей отырған автокөлік «Тойота Раф-4» көлігінің алдын орап өткен. Бұл бейне бақылау камерасында тіркеліп қалды. Тоқтаған көлік ішінде Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Аманжол ҚОҢЫРОВ жәнеЖәрдем БАТЫРҒАЛИЕВ болды. Басшылары полицей ерлер тобы (өздерінің қызметтік куәліктерін көрсетіп, сонымен бірге тапаншамен қорқытып) оларды машинадан күштеп шығаруға тырысты. Оларға қашып кету мүмкіндігі туды, алайда, олардың артынан түскендер тыныш таппай, ақыры оларды Қоңыровтың  үйінің маңында қуып жетті. Артынша оларды ұрып-соғып, өздерінің көліктеріне тығып, қала сыртына әкетті. Тағы да соққыға жығып, бірінің алтын алқасын, ноутбукті (шамасы олардың бірі «Тойота Раф-4» көлігінен алған болды) алып, айдалаға тастап кетті. Өз-өздеріне келген зардап шегушілер қалаға қиындықпен жеткен. Сот-медицина сараптамасы олардан көптеген жарақаттарды, бас сүйектің зақымдануын тіркеген.

Бірнеше күннен кейін АМӨЗ қызметкері Ешлановты қамауға алған. Ал, сот Мырзабаевқа тергеу өтінішіне қарамастан қамауға алуға санкция берген жоқ. Оларға «Адамды ұрлау», «Қарақшылық», сондай-ақ, «Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану» баптары бойынша айыптар тағылған еді. Күдіктілердің қаржы полициясының, ҰҚКД тергеушілеріне және судьяға баланың былығы секілді болжамдарын айтып беріп, өз кінәларын мойындамағандығына таңғалуға болмас. Ешланов және оның жолдасы кафеде әлдебір Бек және Бауыржанмен танысып алады. Олар таңға қарай бір компанияның кеңсесіне қарай апарып салуды сұрайды. Олар жолда «Тойота Раф-4» автокөлігін көреді. Сол көліктің терезесінен әлдебіреу жан-жаққа тапаншамен оқ атып жатады. Өздері қарусыз болса да көліктегі атқышты полиция қолына тапсыруды олар өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Оларды қуып жеткен кезде тыныштықты бұзушылар әңгімелесу үшін көлікке өз еріктерімен отыра қалады. Одан әрі жүрген олар өздерінің қауіпсіздігі үшін қорқып, «атқыштарды» олардың сұрауы бойынша түнгі далада қалдырған.

Подполковник Мырзабаев (айтпақшы, бұрынғы біздің және Маңғыстау облысы ІІД бастығы болған генералдың баласы) тергеушілерге сол күні үйінде, жанұясының қасында болғанын, салқын тигізіп, ауырғанын және жәбірленушілер  Қоңыров  және Батырғалиевпен тіптен таныс еместігін және бұл оқиғада белгісіз біреудің өз атын жамылғандығын мәлімдеген. Нәтижесінде сот Мырзабаев пен Ешлановты «Адам ұрлау» бабы бойынша ақтап алды, ал, қалған ҚК-тің айыптау баптарын «Бұзақылық» бабына өзгертіп, екеуіне де шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне ене қойған жоқ, тараптар шағым беруге құқылы. 

Лев ГУЗИКОВ

P. S. Бүгінгі күні қылмыстық түзету жүйесі департаментінің бастығы міндетін атқарып отырған, жоғары білікті жедел топ маманы - Мырзабаевтың тікелей бастығы болған полковник Амандық МҰҚАШЕВТІҢ өз қызметінен кетуіне дәл осы оқиға себеп болды деседі.  

25 тамыз 2011, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.