Фото: altyn-orda.kzАстана. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірыңғай базасы жасақталады, деп хабарлады Еуразиялық медиафорумның бас директоры Руслан Жемков.
«Біз кез-келген қалаған адам көмек көрсетуге ат салыса алуы үшін барлығын біріктіріп, бірыңғай каталог жасауды, соғыс ардагерлерінің базасын жасақтауды, олардың еңбегін көрсетіп және бір жерге жинауды, санаттар бойынша бөліп, басымдылықтарды анықтауды жөн санадық», - деді Р. Жемков сәрсенбідегі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық мәселелері бойынша брифингінде.
Оның айтуынша, мәліметтер базасы деңгейінде ардагерлер «қажеттілігінің картасы» жасалады, олар бойынша қоғамдық ұйымдармен, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен жұмыс жүргізіледі.
Сонымен қатар ол хабарлағандай, Жеңіс туралы ақпараттық порталды zhenis.kz немесе zhenis.org жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталып кетті, оның негізінде ардагерлердің мәліметтер базасы түзіледі.
«Бұл жобаға бірнеше үлкен бөлімдер енгізілген. Біріншісі - шолу және ақпараттық, мұнда соғыстың нәтижесіне көмегі тигендер, Қазақстаннан соғысқа қатысқандар, Қазақстаннан шыққан батырлар туралы жастарға ақпарат беріледі. Өзіміздің батырларымыздың ерлігін дәріптейтін боламыз», - деп толықтырды Р. Жемков.
Мәліметтер базасынан бөлек, порталға батырлардың биографиясы, Ұлы Отан Соғысының хронологиясы, қазақтандықтар қатысқан ұрыстар туралы, соғыспен байланысты өзге де әскери және саяси жағдайлар мен шешімдер туралы мәліметтер орналастырылады.
Дереккөз: ҚазТАГ