Атырау, 28 желтоқсан 00:35
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Шатырдың сыры ашылды

2 689 просмотра

Индер аудандық соты ҚР ҚК-нің 307-бабы (Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) және 314-бабы бойынша (Қызметтік жалғандық жасау) айыпталған аудан әкімінің орынбасары Сәрсенғалиевке және аудан әкімдігі бөлімдері бірінің бастығы Сұлтановқа қатысты үкім шығарды. 

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш ӘБЛЕЗОВТЫҢ хабарлағанындай, аудандағы бес қабатты үйлердің шатырларын жөндеуге бюджет 11 миллион теңге бөлген. Жұмыстарды жүргізіп болған соң, жоғарыда аталған шенеуніктер соған сәйкес актілерге қол қайған.  Алайда, үстіңгі қабат тұрғындарының қуанышы көпке бармады.  Олар жөндеу жұмыстарының нәтижесін көргенде көңілдері қалды. Кейін анықталғандай, шатырлар ескі материалдардан жөнделген болып шықты. Шығын 4 миллион теңгені құрады. Ақыры аяғында Сәрсенғалиевке  1000 АЕК айыппұл (1 млн. 512 мың теңге) Сұлтановқа - 250 АЕК (378 мың теңге) айыппұл салынды.

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 23:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.