Атырау, 26 қараша 16:42
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің саны жыл сайын артып келеді

1 879 просмотра
Қазақстанда Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша жасақтау жүйесі 2002 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілген болатын. Қазіргі уақытта ҚР ҚК әскери қызметшілері жалпы санының 74 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етуде. Бұның мөлшері жыл сайын 4-5 мың адамға ұлғайып келеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Келісімшарт бойынша қызметке қабылданатын әскери қызметшілер мемлекет тарапынан қомақты әлеуметтік қолдау көреді.

«Келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі несе оны жалдағаны үшін өтемақы алады. Жекешелендіру құқығы барлардан басқасы әскери қызметтен босаған жағдайда қызметтік тұрғын үйді қайтарады», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Сонымен қатар тегім медициналық қызмет көрсету көзделген. Жиырма жылдан артық еңбек сіңіріп қызметтен босатылғандар әскери-медициналық мекемелерде тегін емделуін жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса қызмет еткендер санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

Тұрғын үй берілуі мен тегін медициналық қызмет көрсетуден басқа келісімшарт бойынша әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері басқа орынға көшкен жағдайда әуе, теміржол, су жолы және автомобиль көліктері қызметтерін тегін пайдалана алады, балаларына балабақшадан кезектен тыс орын беріледі.

«Келісімшарт бойынша қызмет – саналы түрде және кәсіби негізде ерікті Отан қорғаушы болу мүмкіндігі. Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы аралас жасақтау принципін ұстанып келеді», - деп ақпарат таратты қорғаныс ведомствосы.

Дереккөз: bnews.kz

 

21 қаңтар 2015, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.