Атырау, 26 қараша 16:57
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Елімізде кәсіпкерлік субьектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігі қарастырылмақшы

7 260 просмотра

Кәсіпкерлік субьектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін көздейтін заң нормаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Вице министр биылғы жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңның аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

«Адам факторын алып тастау және жемқорлық тәуекелдерді төмендету үшін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін кезең-кезеңмен автоматтандыру қажет. Осыған байланысты осы жылы Бас прокуратурамен бірлесіп, автоматтандыру ұсыныстарын әзірлеу үшін бақылаудың барлық салаларына толық талдау өткізу жоспарланып отыр», - дейді Т.Жақсылықов.

Сондай-ақ, Ұлттық банкпен бірлесіп, тексерулерге балама ретінде кәсіпкерлік субьектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін көздейтін заң нормаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар әзірленбек.

«Сақтандыруды қолдану мүмкін салаларға талдау жүргізіледі, тиісті есептеулер жасалады және Үкімет мақұлдаған жағдайда тиісті заңнамалық өзгерістер енгізіледі», - дейді вице-министр.

Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейту АҚШ және Ұлыбритания сияқты елдердің тәжірибесі бойынша кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын (бизнес-омбудсмен) енгізу жолымен іске асырылмақшы.

Дереккөз: bnews.kz

20 қаңтар 2015, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.