Атырау, 26 қараша 16:58
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тасбауыр әкелерге қатысты қолданылатын жаза шаралары күшейтіледі

2 185 просмотра

Тасбауыр әкелерге қатысты қолданылатын жаза шаралары күшейтіледі. Бұл жөнінде Қарағанды облысына іссапармен келген Әділет министрі Берік Имашев мәлімдеді.

Өткен жылы борышкерлерден 3,5 млрд теңге өндірілген. Бұл өңірдегі сот шешімін орындау көрсеткіші 2 пайызға көтерілгендігін көрсетіп отыр. Қарағанды облысының 5 мыңнан астам ер азаматы жағдайы келе тұра алимент төлеуде сараңдық танытқан.

Айта кету керек, Жаңа жылдан бастап сот орындаушылардың өкілдігі кеңейтілді. Ендігі уақытта сот орындаушы әкімшілік істерді қарау құқығына ие. Сонымен қатар жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Бұл жаңашылдық қызметкерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетпек. Өндірісті тоқтату, тыйым салу және борышты өндіру жұмыстары автоматты түрде жүзеге асатын болады. Әрі биылдан бастап, борышкер төлемдерін онлайн түрде жүргізе алады.

«Біздің басты мақсатымыз – халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту. 2014 жылы Үкімет Әділет саласына ауқымды әкімшілік реформа жүргізген болатын. Көптеген әкімшілік өкілеттік аймақтарға ауыстырылды. Қазіргі уақытта барлық атқару саласы Әділет департаментіне берілді. Бүгінгі кездесуде Әділет министрі басты назарды алиментті өндіру мен айлық, төлем ақыларды төлеу бағытына аударды», - деп атап өтті ҚР Әділет министрлігі департамент директорының орынбасары Ақерке Ахметова.

Дереккөз: bnews.kz

20 қаңтар 2015, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.