Атырау, 26 қараша 16:37
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Есімов мерекелік шаралардың санын қысқартуды тапсырды

1 600 просмотра

Алматыда қала басшысы Ахметжан Есімовтің қатысуымен 2014 жылдың қорытындысы шығарылып, "2015-2017 жылдардағы дағдарысқа қарсы жоспар" қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, Алматыда былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 6 пайызға өсіп, 8 триллион теңгені құраған. "Шаһарда экономиканың барлық салалары бойынша дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Алайда, бұл жыл экономикалық жағынан күрделі болғалы тұр", - деді әкім.

Осыған байланысты, қала басшысы әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелеріне шығынды қысқартуды тапсырды. "Басшылар бірінші кезекте бұл мәселені тікелей өз бақылауына алуы тиіс. Мұнымен қатар, Есімов бюджетті толтырып, мерекелік шаралардың санын қысқартуды, әлеуметтік-маңызы бар тауарлар бағасын бақылап отыруды және жыл ішінде 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жүктеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Алматы әкімі жиын жұмысын қорытындылай келіп, 2015 жылы да мегаполистің экономикалық саясаты бұрынғысынша әлеуметтік салаға бағытталатындығын атап өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 қаңтар 2015, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.