Қазақстанда соңғы жылдары алғашқы рет қылмыстың төмендеуі байқалады деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 2014 жылғы қызмет қорытындылары бойынша.
«Соңғы жылдары алғашқы рет қылмыстың төмендеуі байқалды. Бірқатар қылмыс түрлері қысқарды, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандар, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар, көшелерде жасалатын қылмыстар азайды»,-делінген ведомствоның алқа отырысынан кейін таратылған хабарламада.
Министрліктен хабарлағандай, есепке алу-тіркеу саясатын қатаңдату нәтижесінде қылмыстарды жасырудың бұрыңғы практикасы түп-тамырымен жойылды.
Соңғы жылдары алғашқы рет қылмыстың төмендеуі байқалды. Бірқатар қылмыс түрлері қысқарды, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандар, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар, көшелерде жасалатын қылмыстар азайды.
«Қылмыстың төмендеуінен қылмыстардың ашылуы, жәбірленушілердің бұзылған құқығын қайта қалпына келтіру жөніндегі біздің негізгі міндетіміз шешілді.Қылмыстың басым түрлерін, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жақсарды»,- деп атап өтті ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.