Атырау, 26 қараша 16:44
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыда автобустың қатысуымен болған ЖКО-ға байланысты қылмыстық іс қозғалды

2 614 просмотра

Алматы полициясы «Қазақфильм» шағын ауданында автобустың 11 көлікпен соқтығысуымен болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Хабарламада айтылғандай, Исиналиев көшесімен төмен бағытталған «Мерседес» маркалі №31 автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай «Хюндай» көлігімен соқтығысқан. Кейін жолда тұрған 44 жасар ер адамды қағып кеткен.Инерциямен төмен қарай құлдилаған автобус жол шетінде тұрған тағы бірнеше көлікті соғып кеткен. Ең соңында автобус «МAN» маркалі жүк көлігіне соқтығысып бір-ақ тоқтаған.

«Апат салдарынан 9 адам жарақат алды. Қол-аяғы сынған қоғамдық көлік жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді. Жаяу жүргінші жеңіл жарақат алған. Автобустың 7 жолаушысы, оның ішінде 3 бала ауруханаларға жеткізілді», - деді қалалық ІІД анықтау басқармасының басшысы Рустам Әбдірахманов.

Қазір аталған дерек сотқа дейінгі тексерудің ортақ реестрінде тіркелді. ҚР жаңа  ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

19 қаңтар 2015, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.