Атырау, 5 қараша 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Субсидия көп, бірақ “семірген” село жоқ

8 649 просмотра

Қалалық мәслихаттың XXIV сессиясында қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ғилымжан ИМАНҒАЛИЕВТІҢ баяндамасы тыңдалды.

Оның әңгімесі көл-көсір цифрлардан тұрды. Және одан бір ғана қорытынды шығаруға болады – қазір ауыл шаруашылығы саласына орасан зор ақша бөлінуде, бірақ, халық жұмыс жасауға құлық танытпай отыр.

Өткен жылы қаланың селолық округтарындағы 56 шаруашылыққа 31,9 млн. теңге (18,3 млн. мал шаруашылығына және 13,6 млн. егіншілік шаруашылығына) субсидия бөлінді.

Үкіметтің 2010 жылғы 25 ақпандағы қаулысына сәйкес, өткен жылы дақылдардың түрлері бойынша мынадай көлемдегі (гектар бойынша) субсидиялар бөлінді: картоп – 2,4 мың. теңге, көкөніс-бақша өнімдеріне - 9 мың теңге, тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы өсірілетін көкөніс-бақша өнімдері  – 24 мың теңге, азықтық шөптер – 800 теңге, жылужай – 1,3 млн. теңге, жеміс ағаштары – 640 мың теңгеден  1,3 млн. теңгеге дейін.

Ғ.Иманғалиевтің айтуынша, егін егетін алаң бір жыл ішінде 3%, ірі қара мал  0,4%, егін шаруашылығы өнімдерін өндіру 5%, мал шаруашылығы - 1,2% дейін өсті. 

Бәлкім, селодағылар енді еңсесін көтеретін болар. 2011 жылдың 4 наурызында үкімет егістік алаңдарындағылар үшін тағы да қаржылық көмекті өсірді. Енді бір гектар үшін:  картоп – 20 мың теңге (айтарлықтай айырмашылық бар, жоғарыдан қараңыз), көкөніс-бақша өнімдері – 15 мың теңге, азықтық шөптер - 9 мың теңге, бау-бақша- 840 мыңнан 1,4 млн. теңгеге дейін; көпжылдық азықтық шөптер (жоңышқа) үшін субсидиялар бөлінді - 900 теңге және бір жылдық жеміс беретін дәнді-дақылдар үшін  – 2 мың теңге. Тамшылатып суару технологиясымен өсіретін дақылдар және жылужайлар үшін субсидия бұрынғысынша қалды.

Қалалық әкімдіктің есептері бойынша, үстіміздегі жылы 47 млн. теңге көлемінде субсидия төленетін болады, оның ішінде ол: көкөніс-бақша дақылдарын өсіретін 23 шаруашылыққа, жеміс-жидек дақылдарын және жүзім өсіретін  4 шаруашылыққа берілетін болады.  50 пайыздық жеңілдікпен 164 тонна минералды тыңайтқыштар және литрі 65 теңгеден жанар-жағар май да берілмек. Субсидия барған сайын көбейгенмен, іс нәтижесі тасада қалып жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2011, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.