Атырау, 26 қараша 16:55
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан азаматтарының Дубайдағы мүлкі заңдастырылуда

1 723 просмотра

Мүлікті жария ету жөніндегі акция аясында Дубайда (БАӘ) жылжымайтын мүлікті заңдастыруға өтініш келіп түсті, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сүйенсек, Алматы облысының аумағындағы салық органдарына Қазақстан аумағынан тысқары мүлікті жария етуге өтініш келіп түсті. Дубайдағы заңдастыруға жататын мүлік құны 108,229 млн теңге.

Бұрын хабарлағанымыздай, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғынынан Ресейде сомасы 421 мың теңге мүлікті жария етуге арналған өтініш келіп түскен еді.

Тұтастай алғанда ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 131,6 млрд теңгенің 17 070 өтініші келіп түсті: сомасы 96,4 млрд теңгенің 13 637 тұрғын үй объектісі; сомасы 33,7 млрд теңгенің 7 752 тұрғын үй емес объектісі, оның ішінде 20,5 млрд теңгенің 1 630 коммерциялық нысаны; сомасы 0,7 млрд теңгенің заңды тұлғалардың 13 қатысу үлесі; сомасы 0,8 млрд теңгенің бағалы қағаздары.

Сомасы 47,8 млрд теңгенің 8 310 нысаны заңдастырылды.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 2015 жылғы 14 қаңтардағы жағдайы бойынша жалпы сомасы 9,6 млрд теңге ақшаны жария етуге 51 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 338,0 млн теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 3,1 млрд теңге. ҚР экономикасына 2,9 млрд теңге инвестицияланды.

2015 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша 1-Н есебінің деректері бойынша 206110 «Мүлікті жария ету үшін алым» коды бойынша бюджетке іс жүзінде 348,8 млн теңге түсті.

Дереккөз: bnews.kz

 

16 қаңтар 2015, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.