Павлодарда үш адамды қағып өлтірген жүргізуші 10 жылға сотталды
2 698 просмотра
Ж.Мұқантаев ҚР ҚК 296 бабы 3 бөлімінде (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік жүргізуші тұлғаның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) және 297 бабында (Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Сот үкімімен оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Естеріңізге салып өтсек, қайғылы оқиға Павлодарда өткен жылдың қыркүйегінде орын алған еді. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан үш адамды қағып кеткен. Салдарынан 43 жастағы Ляззат Әкімжанова мен 47 жастағы Қайыржан Балешов оқиға орнында мерт болды. Ал 47 жастағы Ғалия Сүйішпаева ауруханада көз жұмды.