Атырау, 26 қараша 16:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Елбасы "Самұрық-Қазына" қорына дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды

1 297 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  "Самұрық-Қазқына" Ұлттық әлауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевке 2015 жылға арналған жоспарды қайта қарап шығып, дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шөкеев Қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда Қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

– Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеңде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру  маңызды болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.

– Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық, – деді басқарма төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
16 қаңтар 2015, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.