«Қазақстан мен Венесуэла - мұнай мен газ өндіруші мемлекет. Ал Венесуэла ОПЕК мүшесі. Сондықтан да, Қазақстанның Энергетика министрлігінде келіссөздер өтеді, Премьер-министрмен кездесуі де жоспарланған. Бұл біздің өзара байланысымыздың маңызды қырларының бірі. Соның ішінде Қазақстан мен Венесуэла осы салада өзара әрекеттестікте болады», - деді Ерлан Ыдырысов.
Бұдан бөлек, министр екі елдің де интеграциялық қадамдарды жақтайтынын, осының өзі тараптардың экономикалық ынтымақтастығын арттыруда қосымша факторға айналатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Сыртқы істер министрі ресми Астана Венесуэланы Латын Америкасындағы сенімді саяси-экономикалық әріптес ретінде бағалайтынын алға тартты. Сондай-ақ, Е.Ыдырысов мәртебелі мейманға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, сондай-ақ «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаттың негізгі мазмұнымен таныстыра келе, бұл ұзақ мерзімді жоспарлардың негізгі мақсаты елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу екендігін жеткізді.
Дереккөз: ҚазАқпарат