Атырау, 28 желтоқсан 00:36
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қысқа қайырғанда

2 245 просмотра

«Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС-нің пайдалану қызметінің бастығы Қ.Базарбаевтың айтуынша, таяу күндері «Еркінқала - Красный Моряк көшесі (ескі Жұмыскер) - Балықшы» бағытындағы жаңа №52а автобус маршруты ашылады. Қалада автобус паркінің қызметін атқаратын тасымалдаушы фирма  аялдамаларда өз маршруттары бойынша автобустар қозғалысының кестесін іліп қойды. Одан бөлек, Қ.Базарбаев қазіргі жүріп тұрған №4 автобустың саны 6-дан 12-ге дейін көбейтілетін болады деп хабарлады. 

 

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, таяуда бір сәби көз жұмған бақытсыз жағдай тіркелді. 7 айлық бала өз анасының сүтіне шашалып, тұншығып қалған. 

 

Атырау облыстық статистика департаменті бастығының міндетін атқарушы Н.Құмарғалиевтың айтуынша, Атырау облысында жалдамалы жұмысшылардың саны 2011 жылдың маусымында 168 509 адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарында  3 615 жұмыссыз тіркелген, олардың 65,9 пайызы - әйелдер.

 

 

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Ауди» көлігінің жүргізушісі Жұмыскер поселкесінде  70 жастағы әйелді қағып кеткен. Ол әйел облыстық аурухананың қабылдау бөлімінде көз жұмған.

 

«ТрансТрейдСервис ЖШС директоры декларацияға табыстары туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, 35 млн. теңге сомадағы салықты төлеуден жалтарған.Қалалық соттың үкімімен ол айыпты деп танылып, оған 3 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

 

 

Геолог поселкесінің аумағында тиым салынған жерде шомылу кезінде 22 жастағы жігіт суға батып кетті. Сәл кейінірек,  сол күні дене шынықтыру және сауықтыру кешені маңында 16 жастағы қыз бала, ал Перетаскада 1985 жылғы жігіт суға кетті. Суға кеткен адамдардың мүрделерін суда құтқару қызметінің қызметкерлері тапты. 

 

Атырау облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2011 жылдың ІІ тоқсанында облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 277,4 мың адамды құрады, олардың 49,7 пайызы – әйелдер.

 

 

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, таңертең 19 тамызда Рысмағамбетов көшесінде ПАЗ-3205 маркалы автобус түгел жанып кетті. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. 

 

Мақат аудандық прокуратурасы жеке кәсіпкердің құқығын қорғап қалды. Прокурордың аға көмек-шісі Ж. Кейкешовтың айтуынша, ветеринариялық-санитарлық инспекторлар бизнесменнің дүкеніне заңсыз тексеру жүргізген. Нәтижесінде, бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

25 тамыз 2011, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.