Атырау, 28 желтоқсан 00:48
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Білім алыңыз - бағасы қымбат!

4 180 просмотра

Атыраудың екі басты жоғары оқу орны – Мұнай және газ институты мен Х.Досмұхамедов атындағы университетте оқу бағалары көтерілді.

Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дың қабылдау комиссиясындағылар мұны заң талап етіп отыр деп түсіндірді. Сол бойынша ақылы бөлімге түскен студенттер төлейтін сома бүгінгі күнде жылына 341 мың теңгені құрап отырған білім грантының бағасынан төмен бола алмайды. 

Орташа педагогикалық мамандық бұл жылы 80 мың теңгеге қымбаттады, ал жылдық оқу 230 мың теңгені құрайды. Экономикалық және заңгерлік мамандықтары бойынша оқу құны 115 мың теңгеге көтеріліп, 345 теңгеге тоқтады. Ал гранттар жағдайға қатты әсер етіп жатқан жоқ. Оларды талапкерлердің аз ғана бөлігі алады. АМУ-да бұл жылы грантқа небары 145 адам қол жеткізді. Ал жыл сайын бұл жоғары оқу орны 2 мың жасты оқытады. 

Мұнай және газ институтының бағалары да өсті. Өткен жылы 300 мың теңге болса, биыл 350-370 мың теңгені құрады. Грант алған студенттер саны - 187 адам. Жыл сайын екі мыңға жуық студентті оқытады. 

Айта кету керек, мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы бағалардың өсімі осы жылы оқуға түскендерге ғана қатысты - «заңның кері күші жоқ».  

Жекеменшік жоғары оқу орындары әзірге өзгеріссіз қалды. Мәселен, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтындағылар бізге оқу ақысының бағасы бұрынғыша қалғанын айтты. Студенттер төрт жылға отырған келісім-шартқа сәйкес төлейді. Ең арзан мамандықтар - информатика, кеден ісі,  шет тілдері: 120 мың теңге. Ең қымбат мамандық – мұнай-газ ісі – жылына 160 мың теңге тұрады.

Анастасия ПАСТУХОВА

25 тамыз 2011, 22:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.