Фото: newskaz.ruАСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғаламтор желісіне салынған бейнероликтегі жазаланған ер адамдардың Қазақстан азаматтары емес екендігін мәлім етті.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық арнайы қызмет агенттері делінген екі ер адамды жазалау көрінісі бейнеленген бейнероликтің ғаламторға орналастырылу фактісі бойынша тиісті тексеру шараларын өткізді. Роликте көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары емес екендігі нақты анықталды», - делінген хабарламада.
ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстік 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызатын немесе азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарына зиян келтіретін немесе қоғам не мемлекеттің заңды қорғалатын мүдделерінің бұзылу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратқаны үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі айыппұл салу немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына тарту немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не осы мерзімге дейін бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын еске салды.
«Отандық БАҚ-тардан бейресми шетелдік ақпарат көздерінен материалдарды алып жариялауда жауапкершілік танытуларын сұраймыз», - делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz