Атырау, 26 қараша 15:44
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақтау маңында АЭС салу жоспарда жоқ, деп мәлім етті энергетика вице-министрі

2 569 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанАстана. 15 қаңтар. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. Атом электр стансасын (АЭС) Ақтау маңында салу мәселесі талқыланған емес, деп мәлім етті ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев.

Ақтау маңында АЭС салу мәселесін мәжілісмен Серік Оспанов көтерген.

«Ақтау қаласының маңында АЭС салу ұсынысы болған, бірақ ондағы халық оған үзілді-кесілді қарсылық танытты», - деді С. Оспанов «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын ҚР парламент мәжілісінде бейсенбі күні таныстыру барысында.

Оған жауап ретінде энергетика вице-министрі Ақтау маңында АЭС салу мәселесі қарастырылмады деді.

«Атап айтқым келеді, біз тек жоспарлап отырмыз, шешім әлі қабылданған жоқ, және ол халықтың, биліктің барлық құрылымының қатысуымен кең ауқымды талқыланған соң ғана қабылданады. Бірақ, тек екі алаң ғана жоспарда бар. Бірі – Балқаш көлінің маңында, оның оңтүстік-батыс бөлігінде, Үлкен кентінің жанында. Екінші алаң – Семей сынақ полигонында, шартты түрде айтсақ, Курчатов қаласының маңында», - деп түсіндірді Б. Жақсалиев.

Ол сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ядролық қондырғылар барлығын нақтылап кетті.

«Бізде ядролық қондырғылар Семей полигонында бар – реактор ИВГ(зерттеу реакторы) және ИГР (импульстік графиттік реактор). Ядролық физика институтында ВВ РК (су-су реакторы) жұмыс істеп тұр», - деді ол.

Бұл ретте вице-министр барлық жұмыс істеп тұрған реакторлар – ғылыми-зерттеу реакторлары, ал бұрын Ақтауда жұмыс істеген энергетикалық БН-350 реакторы (жылдам нейтрондармен) қазір консервацияланып, пайдаланудан шығарылып жатыр деді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

15 қаңтар 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.