Атырау, 28 желтоқсан 00:20
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Әкім діни экстремизм қаупіне назар аударды

4 540 просмотра

Өткен аптаның ішінде барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттары Атырау облысынан екінші сенаторды (2008  жылы сайланған бірінші сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ өкілетті мерзімі әлі біткен жоқ) сайлады. Хабарлағандай, 128 депутаттың 85-і қазіргі сенотор Қайрат ИЩАНОВҚА дауыс берді. Жеңімпазды құттықтағаннан кейін облыстық әкімдік  үйінде облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ қайтадан сайланған сенатор және депутаттарға аймақтың өзекті  мәселелерін міндеттеді. 

Әкім депутаттарға табиғат пайдаланушылардың есептері мен қоғамдық тыңдауларына қатысуға ұсыныс берді, бұл жағдайда оның ойынша, олар табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруда барынша жауапты болуға мәжбүр болады.

Әкімнің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе, бұл жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес жыл сайынғы алынып отыратын ақша көлемінің өсуі болды. Тек биылғы жылдың өзінде «Болашақ» зауытындағы жұмысшылардың жаппай қысқартылуынан (Солтүстік-Каспий жер үсті қондырғы жобасы) облыстық бюджет 12 млрд теңгеге азайып қалды. «Бізді алда қиындықтар тосып тұр,-деді Б.Рысқалиев. – Алайда, оған қарамастан бізде бірде-бір жоба тоқтатылмайды. Бірақ, іске қосу мерзімдері жарты жылға немесе бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін».

Әкімнің бұл жолғы сөйлеген сөзінде басты назар  бұзылған діни қозғалыстарға бағытталды. Ол Астана, Ақтөбе, Ақтауда орын алған лаңкестік әрекеттердің ұйымдастырушыларының қатарында Атырау облысының тұрғындары да болғандығын атап өтті. Әкімнің айтуынша, ол діни экcтремистердің қызметінің қауіпті салдары туралы мәселені осыдан 5 жыл бұрын көтерген екен:

- Менің сол кездегі қауіптенуім бүгінгі күні ақталып отыр. Құдайға шүкір, ең қауіпті жағдайлар бізден әзірге сырт айналды, алайда, одан қашып құтылу мүмкін емес. Оның үстіне біздің облысымыздағы жалған діни қозғалыстармен байланысты жағдайларды жақсы деп айтуға болмас. Бұл сіз бен біздің құқық қорғау органдарындағы жұмысты дұрыс жүргізбеуімізден басталып отыр. Егер көрші облыстардағыдай жағдайлар бізде орын алатын болса, оның салдары орасан болмақ, өйткені, Атырауда стратегиялық өнеркәсіпті нысандар шоғырланған, демек біз тәуекелділігі жоғары аймақтамыз.

Ол сондай-ақ, қазақтың менталитеті үшін дәстүрлі емес діни ағымдарға балалардың жаппай тартылу мәселесін де қозғап өтті. Жастар үшін тек жалған исламдық экстремизмнің ғана емес, христиандық секталардың да қауіпті екендігі аталды: «Көптеген католиктік секталардан шоқынған қазақ балаларын көруге болады».

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 тамыз 2011, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.