Фото: krokha.ruАстана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «Ақ жол» партиясының фракциясы 2015 жылы іске қосылған 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау жөніндегі жаңа норманың әрекетке енуін бір жылға кейін шегеруді ұсынуда, деп хабарлады ҚР парламент мәжілісінің депутаты Меруерт Қазыбекова.
«Белгілі болып отырғандай, ҚР «Жол қозғалысы туралы» заңындағы соңғы өзгерістерге, сондай-ақ жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес, ҚР-да арнайы тұтқыр құрылғының немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен түймелеп қоюға мүмкіндік беретін өзге де бұйымдардың жоқтығы кезінде жүргізушілерге 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салатын норма күшіне енді. Аталған норманы қабылдау пайдасына негізгі аргумент көлік құрылғыларымен тасымалдау кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі болды... Тәжірибе жүз інде бұл норма балалардың автомобиль креслоларын орнату талаптарына алып келді және қоғамдық үлкен резонанс туғызды», - деді М. Қазыбекова ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке сұрауымен жүгініп.
«Аталмыш заң жобасын талқылау барысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары, еуропалық тәжірибесінің негізінде, 7 жасқа дейінгі (12 жасқа дейінгі емес) балаларға балалар креслосы туралы талапты қолдануды табанды түрде талап етті, бірақ ақырында ІІМ түріндегі жасап шығарушының көзқарасы басым түсті. Жоғарыда айтылған нәрсеге байланысты, құрметті Кәрім Қажымұқанұлы (Мәсімов – ҚазТАГ), «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы сізден жоғарыда аталған норманы жүзеге асыру мен автомобильдерді балалар креслосымен жабдықтау үшін 12 айлық ауыспалы кезең ұсыну туралы мәселені қарауды сұрайды», - деп толықтырды М. Қазыбекова.
Ол 2006 жылы Ресейде дәл осындай норманың енгізілуі де бір жылға кейін шегерілгенін еске салды.
«Көрсетілген мерзім ішінде 6 жасқа дейінгі балаларды автокреслолармен қамтамасыз етуді міндеттеп, ал 6-дан 12 жасқа дейінгілерге аталған норманы кеңестемелік ете отырып, аталмыш заң нормасы қайта қаралсын», - деп атап өтті депутат.
«Қазіргі таңда, ҚазТАГ хабарлап отырғандай, Республикада 4,5 млн автомобиль тіркелген. Егер автоәуесқойлардың төрттен бірінде 12 жасқа дейінгі бала бар деп жорамалдайтын болсақ, онда бір мезгілде сатылымға 1 млн-дай кресло шығуы тиіс. Бұл шынайылыққа мүлде келмейді. Ал егер жанұяда үш және одан көп бала болса ше?» - деп баса айтты М. Қазыбекова.
Оның ойынша, бірнеше балалары бар отбасылар үшін ондай бір сәттік шығындар қымбатқа түседі.
«Одан өзге, шағын және үнемді автомобильдерде бірнеше балалар креслосын орнату іс жүзінде мүмкін емес. Ақыр соңында, базарларда дүрлігу пайда болды, автокреслолардың алыпсатарлық бағалары туындады. Осылайша, заң мен ережелердің талаптарын бір мезетте орындау мүмкін болмайды және жемқорлық құқық бұзушылықтардың ұлғаюына алғышарттар жасайды», - деді депутат.
Оның айтуынша, балалары бар азаматтарды такси мен жолшыбай көліктер де тасымалдаудан бас тартуда, немесе бірқатар жайттарда таксопарктер жолақы құнына балалар креслосын орнатқаны үшін қосымша Т200-200 қосатын болыпты.
«Аталған норма жолшыбай көлікті әрқашан қолдана бермейтін ауыл тұрғындары үшін айрықша проблема тудырып отыр», - деп түйіндеді сөзін ол.
Дереккөз: ҚазТАГ