Атырау, 26 қараша 15:30
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандықтар Ресейден қосылған құн салығынсыз қалағанынша көлік әкеле алады

2 398 просмотра

Қазақстанда Ресейден және Беларусьтен әкелінетін автокөліктерді қосылған құн салығы алып тасталған талап кәсіпкерлік мақсатты көздемейтін жеке тұлғаларға ғана қатысты, - деп хабарлайды Kolesa.kz порталы.

Еске сала кетейік, жаңа тәртіптер 2015 жылы 1 қаңтардан бастап Еуразия экономикалық одағы мен Кеден одағының техникалық регламентінің "Дөңгелекті көлік құралының қауіпсіздігі туралы" келісімшартымен бірге бір уақытта күшіне енді.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта қанша көлікті қосылған құн салығынсыз әкелуге болатыны жайлы және кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік емес мақсаттың нақты қандай ерекшеліктері бар екені заңнамада көрсетілмеген.  

Яғни заңды түрде бір адам жүздеген автокөлікке дейін әкеле алады. "Бірақ егер бұл автокөліктердің сату мақсатында әкелінгені белгілі болса, салық төлеуден жалтарудың жазасы қатал болады", - делінген басылымда.  

Салық қызметкерлерінің айтуынша, таяу уақытта жеке тұлғалардың қанша көлік әкелуіне болатыны жайлы жазылған актілер қабылданады. Бірақ қазіргі уақытта ешқандай да шектеу жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қаңтар 2015, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.