Атырау, 26 қараша 15:20
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бетінде татуировка мен пирсинг бар қазақстандықтарға жеке куәлік берілмейді

6 793 просмотра

Бетінде татуировкасы мен пирсингі бар қазақстандықтарға жаңа жеке куәлік берілмейді. Егер осы топқа жататындар жастардың мұндай атрибутынан бас тартпайтын болса құжатсыз қалады, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Телеарнаның мәліметінше, жаңа жеке куәлік суретінің арнайы талаптарына сәйкес құжат алу кезінде адамның бетінде татуировка мен пирсинг болмауы керек.

Алматының кейбір тұрғындарының айтуынша, кекіл мен жағасыз киімдерге де тыйым салынған, сонымен қатар мойынға алқа немесе басқа да әшекейлерді тағып суретке түсуге болмайды, сондай-ақ қасы боялған азаматтарды суретке түсіруге тыйым салынды. Еске сала кетейік, жеке куәліктің жаңа нұсқасы 2014 жылдың желтоқсан айында беріле бастады. Жаңа нұсқада суреттің сапасы жақсартылды.

Беттерінде татуировка мен пирсинг бар тұрғындардың пікірінше, бұл тыйым адам құқығын таптау мен қорлау болып есептеледі. "Мен мұрнымдағы пирсингке үйреніп қалдым. Киімдеріме қаншалықты үйренсем, оған да соншалықты үйрендім. Қолым, аяғым, басым бар сияқты ол да әрдайым менімен бірге. Онсыз мен өзімді жайсыз сезінемін", - деді Сәлима Ахматзина. Астана тұрғындары бұл атрибуттан халыққа қызмет көрсету орталықтарында бес минут үшін де бас тарта алмайды. 

Бұл мәселеге Қазақстанның көптеген тұрғыны тап болған. Егер құжат қысқа мерзім ішінде қажет болса, бұл уақытта беттегі татуировканы кетіру мүмкін емес. Бейінді ведомство мәліметтері бойынша, негізі мұндай талап 2001 жылдан бері бар. Айтуларынша, бұл ICAO (International Civil Aviation Organization) халықаралық ұйымының нормасына сәйкес қабылданған, бұл ұйымның құрамында Қазақстан да бар. ҚР Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаментінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Майра Отарбаеваның айтуынша, ұйым талаптарына сәйкес әшекейлермен суретке түсуге болмайды. Алайда ол талаптардың ішінде қастың, кірпіктің және еріннің татуажы қарастырылмаған.

"Татуировканың жуылатын және жуылмайтын түрі бар. Жуғаннан кететін татуировканы жуу керек. Ал жуғаннан кетпейтіндеріне ештеңе істей алмайсың. Оларды суретке түсу үшін кетірмейсің ғой", - деді Сенат депутаты Людмила Полторабатько.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қаңтар 2015, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.