Атырау, 26 қараша 15:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда көмірден 1 литр автомобиль отынын өндіру өзіндік құны Т42-ні құрайды

2 019 просмотра

Фото: Kapital.kzФото: Kapital.kzАстана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Ақмола облысындағы эксперимент кешенінде қоңыр көмірден 1 литр автомобиль отынын өндіру өзіндік құны Т42-ні құрайды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің жанындағы технологияларды саудалау орталығының бас директоры Дамир Егізбаев.

«Қазақстанның қоңыр көмірінен бензин мен дизель отынын өндіру жобасын 2013 жылдан бері химия, көмір және технология институты іске асырып келеді, және де көмірді бензин мен дизельдік отын ретінде қайта өңдеу процесінің өзі әлемде меңгеріліп болған, алайда біздің ғалымдар технологияны отандық қоңыр көмірге бейімдеп, процесті жылдамдата отырып, арзандата алды. Және 2015 жылдың сәуірінде-ақ (Ақмола облысы – ҚазТАГ) Ерментау түбіндегі Сарыадыр кен орнында тәулігіне 0,8 тонна қуаттылығы бар әзірге шағын ғана тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылады. Сонымен қатар сұйық отынның құны литріне 42 теңгені құрайды», - деді Д. Егізбаев жұма күнгі баспасөз мәслихатында.

«Бүгіннің өзінде эксперименттік кешеннің сәтті жұмыс нәтижелері бойынша өнеркәсіптік зауыттың құрылуына миллион доллар салуға дайын екенін мәлімдеген инвестор табылып отыр», - деп толықтырды ол. 

Дереккөз: ҚазТАГ

9 қаңтар 2015, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.