Атырау, 23 қараша 09:07
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мүлдем басқа адам!

2 608 просмотра

Атырауда «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі мен Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма «Дағдарыс орталығы мен әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» атты бірлескен жобаның қорытындысын жасады.

- Орталық өз жұмысын биылғы жылдың 16-сәуірінде бастады. Оның қызметінің сұранысқа ие екені соншалық, орталықтың тұсаукесері өтіп жатқан кезде оның көмегіне мұқтаж алғашқы адам келе қалды, - дейді жоба үйлестірушісі Нелли КУЛИКОВСКИХ. Ол адам, айтпақшы, осы жолы да қатысты, бірақ мүлдем өзгерген: ол өзінің күйзелісін жеңіп шығып, жұмыс тауып, туыстарымен қарым-қатынасын реттеуге қол жеткізген.

Кеңсе үшін қаланың қақ ортасынан орынжай - «Геотекс» ғимараты таңдалды. Орталық аптасына жеті күн сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты кездейсоқ таңдалған жоқ. Алдын ала жүргізілген сауалнама орталықтың мақсаттық тобының, яғни, жоғары сынып оқушылары, студенттер мен жастардың түске дейін, әдетте, сабақта болатындығын көрсетті. Дағдарыс орталығында психологтар, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маман, заңгер-кеңесші жұмыс жасайды. 320 адам жүгінген. Ең алдымен әлеуметтік тәуекел тобындағы жастар, кәмелетке толмаған аналар, толыққанды емес отбасынан шыққан балалар, жас отбасылар, жетім балалар көмекке мұқтаж болған. Отбасындағы қарым-қатынас, мамандық таңдау, күйзелісті өткеру, өзін төмен санау, оқу ұжымындағы даулы жағдайлар психологтармен әңгіменің тақырыбына айналды. Заңгерге еңбек құқықтарын қорғауға, сотқа талап-арыз жазуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға, некені бұзуға және т.б. қатысты жүгінді. Орталық қызметкерлері 23-25 жастағы жастарда мамандардан кеңес алу мәдениеті жоқ екенін атап өтті. Сондықтан да оқу орындарында психологтардың рөлі өте маңызды. Ең алдымен олар сабақтан жиі қалатын балаларға көңіл аударуы тиіс. Егер олар мектепке, колледжге немесе жоғары оқу орнына бармаса, демек, оған ол жер қолайлы емес, жеке адамдармен өзара проблемалары бар деген сөз.

Кездесудің ең жағымды бөлігі, тіпті, жоба қатысушыларын марапаттау емес, жастардың табысқа жету тарихы болды.

Бірі өзіне деген сенімсіздігінен арылса, енді бірі дос тапқан, бірі ҰБТ-ға моральды түрде дайын болған.

Бұдан басқа, мамандар кәсіби бейімдеу шараларын, «Түйіндемені қалай дұрыс толтыру керек», «Тайм менеджмент» тақырыптарына семинар-тренингтер өткізді. Осының арқасында балалар өздерінің мүмкіндіктерін арттыра алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.