Атырау, 18 желтоқсан 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Несиені теңгемен бәрі бірдей бермейді

4 501 просмотра

Атырауда екінші деңгейлі банктердің кейбірі теңгемен несие беруді тоқтатты, алайда мұны жария етпеуге тырысады. Себептердің бірі ретінде банкирлер теңге өтімділігінің төмендігін айтады, бұл тек банк жүйесіне ғана емес, бизнеске де қауіп төндіреді.

«МҰНДАЙ НҰСҚАУ БОЛҒАН ЖОҚ»

Үкімет пен ҚР Ұлттық банкінің, сонымен қатар, сарапшылардың бізге девальвация қаупі төніп тұрмағаны туралы таяудағы бірлескен мәлімдемесіне қарамастан, банкирлер Жаңа жылды девальвация болады деген жорамалмен қарсы алуда.

Жергілікті филиалдар теңгемен несие бермейді деген ақпарат редакцияға біздің оқырмандарымыздан түскен еді. Біз оны тексеріп, екінші деңгейлі банктердің бірнеше филиалдарына қоңырау шалдық.  

Центркредит банкі Атырау филиалының қызметкері олардың банктері 15 желтоқсаннан бастап 9 қаңтарға дейін барлық бағдарлама бойынша несиелеуді тоқтатқанын айтты. Қызметкер мұны «есепберукезеңімен»түсіндірді. Алайда филиал директоры Мұратбек ЖАЛБЫРОВ бұл ақпаратты жоққа шығарды:

- Біздің банк несилерді теңгемен де, доллармен де береді.

Атырау қаласындағы «Сбербанк»АҚ ЕБ филиалының бөлшек бизнес жөніндегі директордың орынбасары Диаз ШОРМАНОВолардың банктері теңгемен несие беру өтінімдерін қабылдауды уақытша тоқтатқанын растады:

- Қазір банктердің көпшілігі тоқтатып тастады. Негізінен шетелдік валютамен несие беріп жатыр, - деді ол. - Бұл елдегі макроэкономикалық ахуал.

- Теңгемен несиелеу қандай мерзімге тоқтатылды?

- Бұл жерде бәрі нарықтағы ахуалға байланысты болады. Қаңтардың аяғында-ақпанда бір айқындылық болады деп ойлаймын. 

Қазақстанның Халық банкі АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Меңсұлу ҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, банк барлық несие желісі бойынша өтінімдер қабылдайды:

- Теңгемен несиелеуді тоқтату туралы бас кеңседен нұсқау келген жоқ. Тек кеше (24 желтоқсанда) техникалық себептерге байланысты берілген жоқ. Бүгін қайта қалпына келтірілді, несиені теңгемен де, доллармен де береміз.

Банкирлердің өздері теңгемен несиелеуді тоқтату жөнінде айтуға құлықсыз. Алайда банк жүйесіндегі ахуал бүгінгі күні мынадай: банктер теңгемен несие бергісі келмейді, ал клиенттер (халық, бизнес) доллармен несие алғысы келмейді, өйткені банктер олар бойынша өте жоғары пайыздар қояды.

ДОМИНО ПРИНЦИПІ

Банктердің өз дәлелдері бар. Клиенттерді несиелеу депозиттер есебінен жасалады. Алайда жалпы дүрлігіске байланысты теңге депозитінің көлемі күрт төмендеп кетті (клиенттердің көпшілігі оларды доллар депозитіне ауыстырды). Банктер егер клиенттерді теңгемен несиелеуді жалғастырса, девальвация болған жағдайда едәуір шығынға ұшыраймыз деп қауіптенеді. Дегенмен, доллармен несие алған клиенттерді де осы жағдай күтіп тұр.

Девальвация болады деген қауіп сейілмегендіктен, теңгені дүрліге долларға ауыстыру жалғасуда. Теңге көп жиналып қалғандықтан,Ұлттық банкке теңгені шетелдік валютаға ауыстыру дүрмегін тоқтату үшін оны ұстап тұруға тура келеді.

Коммерциялық банктер бір-бірін өте жоғары пайыздармен несиелеген кезде, банкаралық алыс-беріс қазір банктердің өздеріне тиімсіз. Өйткені банкаралық деңгейде келісім көлемі теңге өтімділігінің аздығына байланысты күрт төмендеуде. Бұл тек банктердің өздеріне ғана емес, шағын және орта бизнеске де ауыр соғады. Өзіндік домино әсері секілді. Кәсіпкерлердің бірі былай түсіндіреді:

- Азды-көпті жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлердің барлығы екінші деңгейлі банктердің несиесіне тәуелді. Егер біз несие ала алмайтын болсақ, онда келісімшарттар бойынша өз міндеттемелерімізді орындай алмаймыз. Міне, проблемалар тізбегі осындай: банк клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін, клиенттер контрагенттер алдындағы орындай алмайды, мұның бәрі ешқандай жақсылыққа апармайды.

«ТЕҢГЕНІҢ ӨТІМДІЛІГІ ТӨМЕНДЕГЕН ТҮСІНІК ЖОҚ

Комментарий алу үшін біз ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВҚА хабарластық:

- Жергілікті жерлерде біз қадағалау жүргізбейміз, өйткені бас банктер Алматыда орналасқан. Екінші деңгейлі банктерді реттеумен арнайы бөлімше - ҚР Ұлттық банкі орталық аппараты айналысады. Теңгемен несиелеуді тоқтатуға келер болсақ, қазір жыл аяғы, бәрі қорытынды жасап жатыр. Бәлкім, кейбір филиалдар  жоспарды орындап тастап, осының салдарынан тоқтатып қойған болар. Теңгенің өтімділігі төмен деген түсінік Қазақстанда жоқ. Бізде тіпті тек теңгемен несиелейтін банктер бар.

Ал экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ (Алматы) былай деп комментарий берді:

- Үкімет пен ҚР Ұлттық банкінің біріккен мәлімдемесі біраз ықпал етті. Долларды кері сату шамасына қарай теңге өтімділігінің көлемі артады. Үшінші күн қатарынан ҚР Ұлттық банкі долларды нарықтан сатып алуда, өйткені оларды нарыққа қатысушылар сата бастады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 желтоқсан 2014, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.