Атырау, 27 қараша 03:17
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау Менделеев кестесімен тыныстап отыр

4 627 просмотра

Екі жыл қатарынан бізді «Атмосфералық ауаны қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының» мамандары бақылауға алмақшы. Бұның қорытындысын 2012 жылы шығаруға болады, ал, әзірге «АЖ» оқырмандарына осы жылдың екінші тоқсанындағы зерттеу нәтижелерін ұсынып отырмыз.

АУАНЫ БҮЛДІРЕТІН КІМ?

Атырау қаласының ауа бассейнін бүлдіретіндердің негізгі үлесі (80-85%) есептерде көрсетілгендей, мұнайды өңдейтін және тасымалдайтын кәсіпорындар мен ЖЭО-ның еншісінде. Бұл кәсіпорындардың ауаны ластаушы заттарды шығару көлемі жылына 26991,3 тоннаны құрайды, оның ішінде  11440,13 тонна (42,4%) - «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбырлары басқармасы, 6572,98 тонна (24,35%) – АМӨЗ, 5193,89 тонна (19,24%) – ЖЭО.

КҮКІРТСУТЕГІ, ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ БАСҚАСЫ

Өткен жылы қарашадан желтоқсанға дейін «Атмосфералық ауаны қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нің экологиялық мониторинг сынақ зертханасының қызметкерлері Атырау қаласындағы атмосфералық ауаның сапасына зерттеу жүргізді. Бақылауға алынған ластаушы заттектер ішінен мыналар анықталды: азот диаксиді, күкірт диаксиді, көмірсутек оксиді, органикалық емес шаң, күйе, қорғасын және оның органикалық емес қоспалары, фенол,  формальдегид, күкіртсутегі, аммиак. Жерден 1,5 метр биіктіктегі ауаның 109 сынамасы орындалды.

«Атырау құбыр зауыты» ЖШС-не жақын маңда тікелей бақылау нүктесінде азот диаксиді концентраттарының рұқсат етілген шекті мөлшері 1,2 есе көп екендігі анықталды. Органикалық емес шаң бойынша 1,8 есе асқандығы С.Датов және Элеваторная көшелерінің қиылысындағы «Болат жол» ЖШС және «Техникалық комплетация өндірістік басқармасы» ЖШС өндірістік базасы маңындағы нүктеде тіркелді. Қорғасын концентрациясының жоғары нормасы Говоров көшесі бойындағы «Атырау Жылу Электр орталығы» АҚ маңында (1,3 МШК) және С.Датов-Әбдрахманов көшелерінің қиылысында (4.8 МШК)  тіркелді. Формальдегид концентрациясының барынша жоғары мөлшері Хабаровская  көшесі (16,9 МШК) және  Қожақаев (35,7 МШК) көшелеріне таяу маңдағы бақылау нүктесінде байқалды. Күкіртсутегі бойынша жоғары норма мына бақылау нүктелерінде тіркелді: Менделеев көшесі – 1,1 МШК, Абай даңғылы –  Абай көшесі – 5,9 МШК, Ойыл көшесі – 1,2 МШК, тікелей теміржол вокзалына жақын маңда – 1,05 МШК. Фенол бойынша: Досмұхамбетұлы көшесі – 2 МШК, Жеңіс саябағына таяу маңда  – 4,7 МШК, Гословский көшесі – 3,6 МШК, Пушкин көшесі, травматологиялық қосын маңында – 2,4 МШК. Аммиак:  Қазақстан көшесі – 2,9 МШК, Говоров көшесі, «Атырау Жылу Электр орталығы» АҚ маңында – 1,6 МШК, Әуезов көшесі – Говоров көшесі – 4,8 МШК,  Құлсары көшесі – 1,5 МШК, Атамбаев көшесі – 1,1 МШК. Көмірсутек оксиді: С.Датов көшесі – Өтемісов көшесі – 2 МШК,  Говоров көшесі «АМӨЗ» ЖШС маңына таяу – 3,2 МШК, Абай даңғылы – Абай көшесі – 3,1 МШК,  Менделеев көшесі – 3,9 МШК,  Атамбаев көшесі – Говоров көшесі – 3,2 МШК,  С.Датов көшесі «Әлібек» ЖШС маңына таяу – 2,6 МШК,  Молодежная көшесі– 3 МШК, Речная көшесі – 1,7 МШК, Қазақстан көшесі – 2,4 МШК,  Қазақстан көшесі – 1,6 МШК, Говоров көшесі «Атырау ЖылуЭлектр орталығы» АҚ маңына таяу – 1,7 МШК,  Досмұхамбетов көшесі – Өтемісов көшесі – 1,9 МШК, Әуезов көшесі – Говоров көшесі – 1,5 МШК, Атамбаев көшесі – 4,3 МШК. Сондай-ақ көмірсутек оксиді бойынша нормадан асу мөлшері Менделеев көшесі (1,2 МШК) және  Речная көшесі –  Сырдария көшелерінде (1,1 МШК) тіркелді. 

Жасалған есепке қарағанда, ауаны ластаушы заттектер концентрациясының ең кіші мөлшері тұрғын үй құрылыстары аумағында тіркелсе, ең жоғарғы көрсеткіштер автокөлік жолдары, сондай-ақ, қаланың өнеркәсіпті аймақтарында тіркелген болып шықты.

СТРОЙКОНТОРДА ДЕМ АЛМАҒАН ЖӨН

Ауаны ластауға автокөлік құралдары да өз үлестерін қосады. Көліктер легінің жиілілігін бағалай отырып, зерттеушілер  көшелерді бес топқа бөлген:

- сағатына 2000-нан астам автокөліктер жүретін көшелер: Азаттық даңғылы (Стройконтора ауданында), Сәтбаев көшесі (Исатай-Махамбет алаңы ауданындағы учаскеде);

- сағатына 1500-ден  2000-ға дейінгі көліктер жүретін көшелер:  Азаттық даңғылы (сауда орталығы алаңы), Сәтбаев көшесі (ТШО ауданындағы учаскеде);

- сағатына 1000-нан 1500-ге дейінгі көліктер жүретін көшелер: Өтемісов көшесі (орталық көпір ауданындағы жолдар),  Абай көшесі, Әлиев көшесі (Жайық арқылы өтетін көпірден Молдағұлова көшесіне дейінгі учаске), Лобовая көшесі, Құрманғазы көшесі;

- сағатына 500-ден 1000 дейінгі автокөліктер жүретін көшелер: Азаттық даңғылы (Алипов көшесінен Гурьевская көшесіне дейінгі учаскеде),  Датов көшесі, Өтемісов көшесі (Досмұхамбетов көшесінен Гурьевская көшесіне дейінгі участок және Уәлиханов көшесінен Сатыбалдиев көшесіне дейінгі учаске),  Сатыбалдиев көшесі, Молдағұлова көшесі, Тайманов көшесі, Әлиев көшесі,  Амандосов көшесі, Баймұханов көшесі, Бигельдинов көшесі, Канцев көшесі, Владимирский көшесі,  Доссор автокөлік трассасы;

- сағатына 500-ден кем емес автокөліктер жүретін көшелер: Уәлиханов көшесі,  Досмұхамбетов көшесі, Атамбаев көшесі,  Әлипов көшесі, Гурьевская көшесі, Майлин көшесі,  Молдағұлова көшесі (Әлиев көшесінен Құлманов көшесіне дейінгі участок), Құлманов көшесі, Жарбосынов көшесі, Еркінов көшесі,  Майлин көшесі, Қожақаев көшесі, Құнанбаев көшесі, Берғалиев көшесі, Ерниязов көшесі, «Геолог» мөлтек ауданына баратын жол, Говоров көшесі, Әуезов көшесі, Комбинатская көшесі, Құрманғазы көшесі.

Барынша көлік қозғалысы көп жерлер қаланың орталық бөлігі арқылы өтетін және оны түрлі аудандармен байланыстыратын автомагистралды жолдар болып табылады. Осы учаскелерде атмосфералық ауаның бүліну деңгейі жоғары болып келеді. Көлік қозғалысының баяулығы мөлтек аудандардың ішкі жолдарында байқалады.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген  В. Истомин

РЕДАКЦИЯДАН: Бір қызығы, Жайық Каспий экология департаменті бастығының орынбасары Қабижан ҚАПАНОВТЫҢ мәлімдеуінше, таяуда ғана «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының облыс орталығының бірнеше нүктелерінде атмосфералық ауаны ластаушы заттектерге жүргізген зерттеуі,  мөлшері шектеулі коэффиценттің қалыпты нормадан аспағандығын көрсеткен. 

18 тамыз 2011, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.