Атырау, 23 желтоқсан 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Статистиканы диагностика «бүлдіруде»

2 324 просмотра

Облыстық әкімдікте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВТІҢ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы тыңдалды.

Бірінші жарты жылдықтағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,9%-ды құрады. Құрылыс саласында жалпы облыстың көздеген межесі 32%-дан артық көлемде орындалды. Оның ішінде барлық құрылыс жұмыстарының  93%-ы Атырау қаласында жүргізіліп жатқандығын ескере кету керек. Облыс бюджетінен мемлекеттік қазынаға түсіп жатқан салық түсімдері 2010 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2 есеге өсті. Халық санының өсуі 2% құрайды. Осылайша өсу байқалғанымен Мақат ауданының халқының саны болашағы жоқ деп танылған Комсомол, Қошқар және Бекбике поселкелері тұрғындарының облыс орталығына және Махамбет поселкесіне қоныс аударуына байланысты 1,5% азайды. Бала туу бойынша орташа облыстық көрсеткіш төмендегенімен, республикалық деңгейден  20% жоғары. Облыс масштабында туберкулез сырқаты 13%-ға азайды. Исатай ауданында керісінше, өткен жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда тіркелген науқастардың саны төрттен бірге көбейді. Дәрігерлер мұны диагностиканың жақсаруымен түсіндіріп отыр. Халықтың балабақшамен қамтылуы 47%-ға өсті. Облыс әкімі 2013 жылы облыста балабақшаның жетіспеушілік мәселесі күн тәртібінен алынады деп уәде етті. Қылмыс деңгейі 3% азайды, дегенмен, кейбір аудандарда оның деңгейінің өскендігі де байқалады. Полицейлер оны кадрлардың жетіспеушілігі салдарынан орын алып отыр деп түсіндіреді. Ал, қылмыстың ашылуы бойынша облыс орталығы мен Құлсары қаласында нәтижелерге қол жетсе, аудандарда керісінше, көрсеткіштер төмен.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 тамыз 2011, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.