Атырау, 23 желтоқсан 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сақтандырылған адамдардың өмірі емес, мұнай мұнаралары

3 367 просмотра

12 тамыз Каспий күні атыраулық қоғамдық ұйым өкілдері Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Каспий аймағын қорғау және тұрақты дамыту» қоғамдық Комитетін құруды көздеп отыр.

Мұндай комитетті құру жөніндегі идея өткен жылы туған еді. Алайда, аймақтың бірқатар экологиялық, әлеуметтік және құқықтық мәселелеріне назар аударту мақсатында жолданған  құжат облыстық әкімдікте жоғалып кетті. Биылғы жылы бұл бастаманы Сорос-Қазақстан қоры қолдады. 

Комитет Атырау қаласында 12 тамыз күні өтетін «Каспий теңізін қорғау және тұрақты даму» конференциясында құрылатын болады. Конференцияға Экология министрлігінің жоғары шенді шенеуніктері, жергілікті билік, мұнай өндіруші компаниялардың  өкіл-дері, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар көшбасшылары қатысады. 

Болашақ комитеттің міндетіне мұнай жұмыстарына мониторинг жүргізу, Каспий теңізінің қазақстандық секторында қоршаған ортаны қорғау  және көмірсутекті шикізатты қауіпсіз пайдалануға көмектесу, теңізде мұнай өндіру тәуекелділігін бағалауды жүзеге асыру кіреді.

Каспийдің проблемасына азаматтық қоғам мен мемлекет назарын аудара отырып, аймақтық ҮЕҰ көптеген мәселелер, әсіресе, қоршаған орта мен халықты экологиялық апаттардан сақтандыру мәселесін міндетті түрде қазір шешу керек деп есептейді.

– Солтүстік консорциум құрамында жұмыс жасайтындардың барлығы - шетелдік қызметкердің өмірінен бастап, мұнай мұнараларына дейін сақтандырылған. Біз туралы да ойлайтын уақыт келген секілді, – дейді «Каспий табиғаты» ҮЕҰ жектекшісі Махамбет ХАКИМОВ. Оның айтуынша, шетелдік компаниялар өз мүліктері мен адамдарын болашақ Каспий мұнайы есебінен сақтандыруды жүзеге асырған. «Біз де жергілікті тұрғындарды өз мұнайымыздың есебінен сақтандыра аламыз», - деп есептейді эколог.

12 тамызда Ақтауда Каспий маңы елдері үкіметі басшыларының кездесуі болады. М.Хакимов түсіндіргендей, бұл кездесу барысында Каспийді қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясына түзетулер мен толықтырулар енгізілмек.

– Түзетулер екі аса маңызды – «трансшекаралық ластауды тасымалдау» және «мұнай төгінділері» проблемаларына қатысты болады. Біздің көршілеріміз алаңдай бастады. Олар Каспийдегі апаттан бәрібір құтыла алмайтындарына сенімді, - деп атап өтті М.Хакимов.

Сәния ТОЙКЕН

11 тамыз 2011, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.