Атырау, 23 желтоқсан 14:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өрт сөндірушілер балаларды құтқарып қалды

3 002 просмотра

  Тамыздың 3-і күні Мақат поселкесінде өрт оқиғасы орын алған болатын. Сол күні түтін иісіне алаңдаған поселкедегі бес қабатты үйдің тұрғындары өрт сөндіру қызметіне түскі сағат 12.37-де 22-ші пәтерден түтін шығып жатқандығы туралы хабарлаған.  

Облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Мәншүк ДАМБАЕВАНЫҢ мәлімдеуінше, өрт сөндірушілер 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды аман алып шыққан. Өрт ошағы ас үйден бастау алған екен. Ас үйдің ортасында газ плитасы, еден және жиһаздар өртеніп жатқан.  

«Жедел жәрдем» көлігі өрт оқиғасы орнына 12 сағат 48 минутта жетіп, үш бүлдіршінге медициналық көмек көрсетті. Абырой болғанда, тілсіз жаудан  үш баланың үшеуі де ауыр жарақат алмағандығы белгілі болды.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан жеті адам және үш автоцистерна мен негізгі техника жұмылдырылды. Ал, 14 сағат 15 минутта аталмыш өрт толықтай жойылды.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

11 тамыз 2011, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.