Атырау, 7 қазан 09:50
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ұрының қатігездігін де кешірді

2 524 просмотра

Құрманғазы аудандық сотында күшік ұрлап, кейін етінен қуырдақ жасаған ұрлықшыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бірлік селолық округінің әлде бір тұрғыны мас күйінде көршісінің алты айлық күшігін ұрлап кетіп, сойып алған. Ал келесі күні оның етінен қуырдақ жасап, төрт ауылдасына дәм татырған. Күшіктің қожайыны ұрының үстінен полицияға арыз жазды. Аудан прокурорының орынбасары Ерлан ХИСМЕТУЛЛИННІҢ айтуынша, АІІБ-і «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. (меніңше, бұл жерде «жануарларға қатігездік жасау» бабын қосқан орынды болар еді). Алайда, сотта жәбірленуші сотталушыға кешірім берді. Осыған байланысты іс тоқтатылды. 

Лев ГУЗИКОВ

11 тамыз 2011, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.