Атырау, 23 қараша 07:38
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жалынға оранған «Көктем» көзге жас алдырды

4 114 просмотра

9 тамыз күні  таңда Авангард мөлтек ауданындағы  «Көктем» сауда кешенінде өрт басталды. Сауда орталығы төрт  сағат бойына өрт құшағында қалды. Нәтижесінде  жалпы алаңы 1 728 шаршы метр болатын ғимараттың бір бөлігі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге анықталмай отыр.

ТЖ жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз хатшысы Самал ӘБИРОВАНЫҢ айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі сағат 6.44-те түскен көрінеді. Оқиға орын алған жерге бірден 11 өрт сөндіру техникасы келді, өртке қарсы қызметтің жеке құрамының 58 адамы жұмылдырылды. Өрт 8.42 минутта  тоқтатылып, 10.50-де толықтай сөндірілді. Өрт жалыны айналаны тез шарпыды. Абырой болғанда, өрт шыққан кезде ғимаратта бірнеше күзетшілерден басқа адамдар болған жоқ.

 Өрт салдарының біраз шығынға ұшыратқаны кәдік. Көптеген кәсіпкерлердің арасынан  өртке қарап, көз жастарына ерік бергендері де болды. Оқиғаның басы-қасында болғандар алдымен ғимаратта шарт еткен дыбыстың шығып, артынша өрттің екінші және үшінші қабаттарды   лезде алып кеткендігін айтады. Нәтижесінде ғимараттың бұл бөлігі адамдардың көз алдында жалынға оранды, жанып біткен бөліктен тек ішкі қабарғалар ғана қалды.

Сауда орталығының бұл бөлігінде негізінен аяқ киімдер мен киім-кешек  сатылатын. Жиһаз бөлімі де болды, ал, бірінші қабатта азық-түліктер еді. Ресми емес ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Көктем» өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған, түнге қарай азық-түлікпен байланысты емес қабаттар токтан ажыратылған екен. Сондай-ақ, өрттің шығу ошағы екінші қабаттан басталғандығы белгілі болды және тергеу аясында бейнекамера бақылауының жазбалары талап етілуде. Зиян шеккен кәсіпкерлер  саны оннан асады.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В.Истомин

11 тамыз 2011, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.