Атырауда «Тереңдіктегі Теңіз» учаскесінде мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау жөнінде «Кубера Петролеум» ЖШС-нің қоғамдық тыңдауы өтті.
КӨШПЕЛІ ПАРТИЯ
Кеніштің өзі Жылыой ауданында ТШО-ның келісімшарт аумағында Королевское кенішін тұтастай және Теңіз кенішінің басым бөлігін қамти орналасқан. Екі кенішті де «Теңізшевройл» игеруде. Алайда аталмыш жоба Теңіз кеніші кесігінің төменгі қабатындағы жер қойнауын зерттеуге бағытталған (минус 5415 м белгісінде шартты түрде су-мұнай контактісінен төмен). Басқаша айтқанда, «Теңізшевройлға» мұнай мен газды өндіруге рұқсат етілген бөлінген жердің тереңдігінен төмен. Аса тереңдікте күкіртсутек шикізатын магнитотеллурикалық зондтау (МТЗ) әдісімен іздемекші.
Тыңдауды ұйымдастырушылардың пікірінше, ол нақты мәліметтерді қамтамасыз ете отырып, анағұрлым терең, аз шығынды және қорғалатын геофизикалық әдіс болып табылады.
«Кубера Петролеум» ЖШС өңірлік директоры Ахсанғали БАЙЫМБЕТОВТІҢайтуынша, бұл жоба – 50 де 50 арасалмақта мемлекеттік-жеке серіктестік шартындағы ҚР инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен шетелдік инвесторлар тобының ортақ жұмысы.
Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге нақты қандай компаниялар мен елдердің инвестиция салатындығын Байымбетов нақтылай қоймады:
- Атырауда таяуда өткен өңірлік ынтымақтастық форумында президент 15 мың метрге дейін аса терең ұңғыманы бұрғылауды жоспарлайтын «Еуразия» жобасын іске қосты. Алып Теңіз кеніші американдық әріптестеріміз келгенге дейін жақсы зерттелген еді. Сараптама қоғамдастығында Теңіз және Королевское кеніштерінің терең қабаттарында ірі мұнай және газ кендері бар екендігі туралы болжамдар айтылуда. Өкінішке орай, соңғы уақытқа дейін геологиялық барлау шет қалды. Қазір мемлекет жағдайды түзету үшін шаралар алуда. Өткен аптада парламент «Жер қойнауы туралы заңға» енгізілетін түзетулерді қабылдады. Ал келесі жылы осындай зерттеу жұмыстарын өткізуді әжептәуір жеңілдететін «Жер қойнауы туралы кодекс» қабылданады.
А. Байымбетов 90-шы жылдары «Теңізшевройл» БК-нің кенішті игеру және пайдалану бөлімі тобының басшысы, ал 2000-шы жылдардың басында «Теңізшевройл» ЖШС-нің директоры болып жұмыс жасады. Соңғы кездері «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ біріккен кәсіпорнында үлестерді басқару департаментіне басшылық етті.
Байымбетовтің айтуынша, МТЗ мәліметтерін түсіндіру кезінде бұрын жүргізілген зерттеулер, соның ішінде Қаратон-Сарықамыс құрылымындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның таяудағы зерттеу жұмысы ескерілетін болады.
Тыңдауға қатысушылар талқыланып жатқан зерттеулердің экологияға қауіп төндірмейтіндігімен келісті.
МТЗ әдісімен дала жұмыстарын ұйымдастыру үлкен базалық лагерьлердің болмауын қарастырады. Жинақталымында салмақтары 100 келіден аспайтын электр барлау стансалары (тіркеушілер) кез-келген қолжетімді көлік құралымен тасымалдана алады. Ал қызметкерлерді өмір сүру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін жалға ғимарат ала отырып, базалық лагерьді Құлсары немесе Қаратон елді мекендеріне орналастыруды жоспарлайды. Далалық партия 37 адамнан құралады.
Тыңдауға қатысушылар мұндай әдіспен зерттеу жұмыстарының экологияға әсер етпейтіндігімен келісті.
«БҰЛ ТЕК БАСЫ ҒАНА»
Ал кәсіпорын ТШО-ның келісімшарт аумағында қалай зерттеу жүргізетіндігі туралы басты мәселе ашық күйде қалды. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін созылған тау-кендік бөлу мәселесі жөніндегі үкімет пен ТШО арасындағы дау әлі есімізде. Естеріңізге салсақ, сол кезде ТШО-ны Теңіз кенішінде 41-ші ұңғыманы белгіленген минус 5 100 метр белгісінен төмен бұрғылады деп айыптаған болатын. «Теңізшевройлға» шығарылған зиян 212 млрдтеңгені құрады. ТШО өз тарапына айтылған бүкіл айыптауларды жоққа шығарып, мұнайды тереңдікке шектеу қоймай өндіруге құқылы екенін мәлімдеді. Даудың қаралып біткені туралы журналистерге 2012 жылы «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің құқықтық кеңесшісі Жұмагелді ЕЛУБАЕВхабарлаған еді. Қазақстандық тарап та содан кейін өз талаптарын қоймады.
- Олармен геология комитетінің қамқорлығымен біріккен ынтымақтастық туралы келісімге келетін боламыз, - деп жауап берді Байымбетов.
- ТШО инвесторлар қатарында бар ма?
- Әзірге жоқ, бірақ болашақта оларды тартамыз деп үміттенеміз. Сырыммен бөлісейін, бұл тек басы ғана. Жеткіліксіз зерттелген немесе қосымша зерттеуді қажет ететін басқа да құрылымдарды қолға алмақпыз.
Ардагер геолог Бағытқали НҰРАЛИЕВ жобаны қолдауға шақырып, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанда бірде бір – не тұзүсті, не тұзасты кеніштің ашылмағандығына меңзеді:
- Теңіздің және бүкіл батыс Қазақстанның түгелдей геофизикалық тұрғыда зерттелгендігіне қарамастан, аумақтың 30пайызында жер қойнауының тереңдік құрылымының картасы жасалмаған.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор