Атырау, 23 желтоқсан 14:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өскен жерге сыймай кетіп барады...

3 818 просмотра

Приморский каналына жақын, Дамбы поселкесіне таяу жерде мұнай төгілуіне әрекет ету базасының құрылысы қарқынды түрде басталды.

Сонымен осы құрылыстың тапсырысшысы («ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес мердігері «ТеңізСервис» ЖШС) мен экологиялық ҮЕҰ арасындағы тіпті, сот талқылауларына дейін жеткен кең ауқымды тартысқа қарамастан мұнай төгілуіне әрекет ету базасының құрылысы басталды. Базаға бөлінген аумақта көптеген ауыр техникалар жұмыс жасап жатыр. Қамыстар орылып, су қоймалары кептірілуде, қамыс араласқан топырақ Дамбы жолының арғы бетіне төгілуде. Қамыс аралас үйілген топырақ жүргінші жолдан өткенде көзге ұрып тұр. Аңшы-балықшылардың айтуынша, тракторлардың келуімен жергілікті жердегі жабайы аң-құстар бірден кетіп қалған.

Бұл базаның «Ақжайық» қорығы аумағына «бас сұқпайтындығына» қарамастан, экожүйе бәрібір зардабын тартуда.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

11 тамыз 2011, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.