Атырау, 18 сәуір 11:33
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Өрт бес сағатқа созылды

2 010 просмотра

Индер ауданына қарасты Елтай округіндегі дала өрті бес сағатқа созылды.       

Бұл өрт округтен он шақты шақырым жердегі«Бозтөбе» учаскесінде орын алған. Хабарды жеткізуші шаруа қожалықтарының адамдары болып шықты.

Біз бірден аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарластық. Өртті сөндіруге он бестей адам қатысты. Ауа температурасы  елу градус ыссылықты көрсетіп тұрды. Ал жалын болса жел қалай ауытқиды солай қарай бағыт алады. Әліміз келмегендіктен көмекке өрт сөндірушілер келді. Бес сағат алысып, өртті сөндірдік-ау. Меніңше 100 гектарға жуық мал жайылымы қара күйе болып қалды, ал жапа шеккендер жоқ, - дейді Елтай округінің әкімі Ербол ДҮЙШІМ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 тамыз 2011, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.