Атырау, 27 желтоқсан 08:09
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алаң үшін арпалыс

3 153 просмотра

Соңғы екі апта Жилгородоктағы Әуезов көшесінің №27 және №29 үйлердің тұрғындары үшін жайсыз болды. Қарттар үйі алдындағы қоршалған шағын бау-бақшаны құтқарып қалу үшін бәріне баруға дайын еді. Керек болса, бульдозер астына түсеміз деп тұрып алды. Ал аналар болса, балаларымен бірге: «Біздің ауладан кетіңдер!» деп шатақ шығарды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы мен ПИК бастаған тұрғындар арасындағы ұрысқа себеп болған – екі үйдің ортасындағы балалардың ойын  алаңына арналған жер. Бұл жер он бес жыл бойы бос жатты. Орындықтар мен талдарды суару жүйесін жасаған аула маңындағы шеберлер. Ал биік үйеңкілер мен теректерді және биіктігі үшінші қабатқа жетіп қалған, бүкіл бір ауланың мақтанышына айналған жеміс беріп тұрған өрік ағашын тұрғындардың өздері отырғызған.

Сейсенбі күні таңертең тұрғындар өздерін қуантқан жайтқа куә болды. «Мұнай Құрылыс сервис LTD» мекемесінің құрылысшылары даулы алаңның аумағын тазалап, топырақ әкеліп тегістеді де, ағаш қоршауларын қондырды. Сырғанауға арналған ескі темір төбешігін әрі ығыстырды. Себебі оның орнына қазіргі заманғы пластик төбешікті, сондай-ақ, әткеншек пен құмсалғыш салу жоспарланған еді. Құрылысшылар ағаш қоршауларды сырлауды бастай бергендері сол еді, күтпеген жерден  келген бақылаушы ведомстволар – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің  өкілдері «өз бетімен жұмыс жасауды тоқтатыңдар»  деген талап қойды. 

Тура жарты сағаттан соң балалар ойын алаңына «Волна» ПИК-нің төрағасы Құрбан ҒАМИДОВПЕН бірге айналасына бей-жай қарай алмайтын барлық тұрғындар жиналды. Оларға жақтас болып тұра қалған «Мұнай Құрылыс сервис» компаниясының құрылысшылары да «енді не, біз бәрін кері тиейміз бе?» десті.

Аудан тұрғындарының пікірінше, балалар ойын алаңының орнына қоршалған үйлердің ішінен тағы бір үйді тұрғызу үшін құрылыс материалдарын таситын машиналардың еркін өтуін қамтамасыз ететін жол салу жоспарланған. «Үй салсаңдар салыңдар, - деп шуласты тұрғындар, - бірақ бұл жерді қалдырыңдар! Бізге басқа ештеңе керек емес. Оған қоса, бұл аумақ кондоминиумға қарасты – 27-ші үйден жеті метр және 29-шы үйден жеті метр қашықтықта жатыр. Бұл өлшемдер біздікі». «Қала жоспарында осы жерде жол салу деген жоқ, - деді сенімсіз кейіпте тұрғындарды сабырға шақыруға тырысқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы Нұрбек МАНТАЕВ. «Дәлелдеріңізді келтіріңіз!». «Бұл жер балалар үшін емес, - деп кесті Атырау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілі Серік ЖАХАЕВ. – Біз қаланың бейнесі үшін жұмыс істеуіміз керек. Ал сіздердің алаңды дәл осы жерде қалдыру туралы тілегіңіз – ақымақтық». «Біз ендігі ақша бөліп, жұмыс істей бастадық, не болып қалды? – деп сұрады ««Мұнай Құрылыс сервис»» мекемесінің төбешіктер орнатуға жауапты бригадирі. Таңсәріде «ұрыс алаңына» 5-10 жастағы балалар тобы жиналып: «Бізге бұл алаңды қалдырыңыздар!» деп лаң шығарды. Арасында біреу «кетіңдер бұл жерден!» деп айқайлады. Ведомство өкілдерінің ескі темір төмпешікті кері орнына қайта қойдырудан басқа амалдары қалмады. Балалар бірден-ақ сырғанауға кірісіп, жандары жайлана түсті.

Қысқасы, тұрғындар мен билік келісімге келмей, әңгіме де тығырыққа тірелді. Десек те, тұрғындар алаң аумағын қандай жолмен болса да қорғап қалуға шын бекініп отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор және В. Истомин

4 тамыз 2011, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.