Атырау, 27 қараша 03:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Магниттік дауыл тұрады

3 283 просмотра

4-5 тамызда Жер бетінде 2 тамызда Күн нұрынан тұтанған   алаудан кейін пайда болған магниттік дауыл соғуы мүмкін. Бұл туралы «Ақ Жайық» газетінің редакциясына Алматыдағы Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлады.

«27 шілдеде M.9 класының және бүгін (2 тамыз-ред.) M.3 класының тұтануы орын алды. Оған қоса, бірінші тұтану өте қысқа болды – небары 8 минут, жәй “жарқ етті де жоқ болды”. Ал екінші тұтану ұзақ уақытқа созылды және біздің жаққа да бағыт алған күн плазмасының атылуы да кездесті», - дейді И. Цепакина.

Айтпақшы, магниттік дауылдың салдарынан денсаулығы ауа райы жағдайына байланысты құбылып тұратындардың көңіл күйлері нашарлауы мүмкін. Белсенділік жоғарылаған кезеңде Күн ғарышқа зарядты бөлшектердің, электрондар мен протондардың көп бөлігін шығарады.

Анастасия ПАСТУХОВА

4 тамыз 2011, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.