Атырау, 23 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бағдаршам орнына - айналма жол

4 021 просмотра

Тамыз айының ортасына қарай Сатыбалдиев және Ет комбинаты көшелерінің қиылысына айналма жол қозғалысы енгізілетін болады.

Жол полициясы көлік қозғалысы көп осы учаскеде бағдаршам орнату мәселесін қозғағаны белгілі. Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ бұл жерге айналма жол салу жеткілікті деп шешті.

 «Каспийдормостстрой» ЖШС директоры Бөлек ӘЛМЕНБАЕВТЫҢ айтуынша, айналма жолдың диаметрі 16 метр, ені 9 метр болмақ. Жолдың екі жағынан да жаяужол салынады. Жоба аясында «Ақ Жайық» кедендік рәсімдеу орталығының қатарында орналасқан теміржол өткеліне жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. Кейін жолшылар асфальттауға кіріседі. Жоспар бойынша айналма жол 10 күннен кейін дайын болуы тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

4 тамыз 2011, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.