Өткен аптада «Атырау» футбол командасына кезекті бас бапкер– Зоран ФИЛИПОВИЧТІ таныстырды. Ол Сербиядан келген. Жексенбі күні-ақ, оның басшылығымен клуб өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы матчын өткізді.
Ресейдің «Аланиясымен» болатын Еуропа лигасыныңжауапты матчы алдында ақтөбеліктердің тәлімгері өзінің жетекші деген барлық футболшыларын ойынға қоспаған. Бұған қарамастан қонақтар бірінші таймның 37 минутында-ақ есеп ашты. Ойынның екінші жартысында алаң иелеріне соңғы минуттарда пенальти арқылы есепті 1:1 етіп теңестіруге мүмкіндік туды.
Басқа ойын турларының қорытындылары:«Жетісу» – «Астана» 1:0, «Тобыл» – «Ордабасы» 1:3, «Қайрат» – «Восток» 1:1, «Қайсар» – «Шахтер» 0:1, «Ертіс» – «Тараз» 1:0.
Лев ГУЗИКОВ
«АЖ» анықтамасы: Зоран Филипович – Югославия футболынан шыққан. 1970-ші жылдан 80-ші жылдар аралығында белградтың «Црвена Звезда» командасында ойнады. Ол 520 матчқа қатысып, 302(!) гол соққан. «Црвена Звезда» командасында жүріп еурокубогінде – 28 гол салған ойыншы. 1980 жылы бір маусым Бельгияның «Брюгге» командасында ойнап, португалдық «Бенфик» командасына ауысты. Португалияның «Боавишт» командасында ойнай жүріп, 1985 жылы футболшы мәртебесін аяқтады. Бапкер ретінде португалдық: «Сальгуэйрос», «Бейра-Мар» және «Боавишт» клубтарын басқарды. Сондай-ақ, «Бенфик» командасында бас бапкердің ассистенті болды. 1997 жылы – Сербия және Черногория құрамаларында бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарды. 1998 жылы қайтадан Португалияға оралып, Гимарайешадан шыққан «Витория» командасын жаттықтырды. Ал, 1999 жылы итальяндық «Сампдории» командасында бас жаттықтырушының ассистенті болды. 2000 жылы Филипович гректің «Панионис» командасына жетекшілік етті. Соның артынша ол бір жылдан соң «Црвена Звезда» командасына қайта оралды. Олар сөйтіп, 2002 жылы Сербия және Черногория Кубогін жеңіп алды, ал, 2007 жылы ақпанда жаңадан құрылған Черногория құрамасының алғашқы жаттықтырушысы болды. Бұл жерде ол 2010 жылға жейін жұмыс жасады. Атырауға келер алдында ол Румынияның «Чахлэула» және Оңтүстік Африкалық «Голден Эрроуз» клубтарын жаттықтырып үлгерді.