Атырау, 23 желтоқсан 14:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жағажайдағы жүздесу

2 507 просмотра

Дүйсенбі күні дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданындағы жағажайда демалушылар керемет көрініске куә болды. Бір сәт Жайық Қазақстандық және Ресейлік байрақтарын желбіреткен ескекті қайықтарға толып кетті.

Жаз қызығына батып жатқан демалушылар бұл қайықтар керуенін спорттық жарыстарға балап, «Қазақстан, алға!» деп айқайға басып,  қарсы алуға тұра жүгірді.

Дегенмен олар кейіннен мұның екі елдің арасындағы әлдебір спорттық сайыс емес екендігін біліп, біраз ыңғайсызданып та қалды. Бұл «Жайық – Орал-2011» халықаралық тарихи-мәдени экологиялық экспедициясы қатысушыларының шеруі еді. Жайықтың жайын бағамдауға арналған топтың осы жолғысы  Оралдан Атырауға дейінгі он бесінші сапары. Су экспедициясының соңғы қосыны дәл біздің қаламыз болды.  

Атырау облысы табиғат ресурстары және табиғат пайдаланушыларды реттеу департаментінің ақпараттары бойынша, экспедиция құрамында биліктің атқарушы және заң органдарының өкілдері, ғалымдар мен спортшылар, туристер мен журналистер, жазушылар, Қазақстан және Ресей экологтары, барлығы 70-тей адам бар екен. Әр алуан қызметкерлер өкілдерінен құралған бұл топ Жайық өзенінің өзекті мәселесіне қатысты биліктің және жұртшылықтың назарын аударту үшін жиналған еді.

Алты күн ішінде қайықтар жасағы Батыс Қазақстан облысының барлық өзен жағалауындағы поселкелермен өтті. Сенбі күні олар Индерде және ежелгі Сарайшық қаласында болды. Жексенбі күні экспедиция Геолог поселкесіне түнеп, 1 тамызда Атырауға келді. Бұл сапарда саяхатшылар қайырымдылық акцияларын өткізіп, қала мен поселке тұрғындарын Жайықтың экологиялық мәселесінен сырт қалмауға шақырды. 

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

4 тамыз 2011, 23:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.