«Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚҚ» ісі бойынша жарыссөз аяқталды. Сотталушылардың барлығы дерлік сотта «қорғану сөзі» құқығын пайдаланып, өздеріне тағылған айыптарды мойындамайтынын немесе ішінара мойындайтынын мәлімдеп, өздері айыпсыз деп тануды сұрады.
«БАРЛЫҚ БҰЙРЫҚТАР БАР»
Болат ДӘУКЕНОВАтырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тұрған кезде басқалардан көбірек Рысқалиевтың орнына оның міндетін атқарушы болып қалды. Енді айыпталушылар орындығында бұрынғы басшысы болмағандықтан, оған осы іс бойынша басты айыпталушының рөлі тиді. Естеріңізге салсақ, ол үшін прокурорлар осы қылмыстық істің шеңберінде ең көп мерзімді – 18 жыл жазаны сұраған еді.
Өз сөзінде Дәукенов сотта істі қарау барысында айтылған дәлелдерге оралды. Атап айтқанда, мемлекеттік нысандарды жекешелендіру процедураларына қатысты ол қылмыстық істердің материалдарындағы әкімдік балансында тұрған күтімі мен қызмет көрсетілуі қымбат нысандарды бәсекелес ортаға берудің мемлекеттік қажеттілігі туралы бәсекелестікті қорғау агенттігінің бұйрықтарына сүйенді.
- Бізде басқа жол болмады, біз дәл осыны негізге алдық. Баспахана бойынша да осылай. Сол кездегі бүкіл бұйрықтар бар. Оларды неліктен екені белгісіз, тергеу ісі де, айыптау тарапы да көрмей отыр немесе көргісі келмей отыр. Облыстық әкімдіктің жалғамасы бойынша да осындай жағдай, - деді Дәукенов.
Естеріңізге салсам, баланстық құны 600 млн теңге шамасында болатын «Атырау-Ақпарат» КМК-ны сатып алу тендерін 206 млн теңгеге «Мистоль» ЖШС (Владимир ПАК) ұтып алған еді. Оның жанындағы баспахананы «УС-99» ЖШС (ол да В.Пак) 25 млн теңгеге сатып алды (бағалау құны 77 млн теңге). Осы келісімдердегі елең еткізер жайт - ғимараттың жалға алу ақысын бұрынғыша облыстық әкімдік төлеп келген. Ол «Атырау Ақпаратта» орналасқан бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарын өз бюджетінен асырап отырған. Тергеушілердің есептеушілері бойынша – жылына 120 млн теңге. Сотта мемлекет меншігінде болған кездегі осы нысандарды ұстау мен қызмет көрсету құны туралы мәселе назардан тыс қалды. Дәукенов осы нақты нысанның шығындылығына сілтегендіктен, құндарын салыстырған қызық болар еді. Сотта мынадай цифрлар келтірілді. Бұрынғы басшылары тұсында (ұзақ уақыт бойына оны өз шефі Аслан МУСИН түрлі шенде болғанда ондаған жылдар бойына адалдықпен қасында жүрген Ерген ДОШАЕВ басқарды) нысан шынымен де құлдырап кетті. Алайда Рысқалиевтың тұсында кәсіпорынға басшылық еткен Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ сотта жекешелендіру кезінде кәсіпорын өз шығынын өзі өтеуге сенімді аяқ басып келе жатты, соған қарағанда, болашақта табыстылық әкеле алуы мүмкін еді деп мәлімдеді...
«РЫСҚАЛИЕВ НҰСҚАУ БЕРДІ, БІЗ ОРЫНДАДЫҚ»
Дәукенов, сонымен қатар, құны 9,8 млрд теңге болатын «ОблТрансГаз» КМК газ құбыры секілді стратегиялық маңызды нысанды 250 млн теңгеге жеке қолға берген кезде, Рысқалиев командасының ең алдымен тарифті ұстап қалуға тырысқандығы-мыс туралы өз сөзін қайталады. Ол сонымен қатар, жекешелендірудің жаңа толқыны туралы ескертті:
- Осы нысанды жекешелендіру туралы шешім әкімнің ойына қайдан келгенін біз білмейміз. Алдымен осы газ тасымалдау жүйесін Атырау облысында қалдыру мәселесі тұрды. Қайталап айтамын, бұл газдың төменгі бағасын ұстап тұруға байланысты жасалды. Біз сол кезде үкіметпен, мұнай және газ министрлігімен кесте бойынша жұмыс істедік. Сотта мұны министрліктің өкілдері мен басқа да тұлғалар растады. Кейіннен әкім осы нысанды жекешелендіру керек екенін айтты. Біз оның бүкіл бұйрығын орындадық. Есесіне, қазір бәріміз жақсы білетініміздей, ең алдымен газдың тарифін көтерді. Енді бұл нысанды «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының жекешелендіруі туралы мәселе бар. ҚР үкіметі бекіткен жекешелендірілуі тиіс нысандар тізімінде ол бірінші кезекте тұр.
Ол өзінің ұйымдасқан қылмыстық қауымдастыққа қатыстылығын дәлелденген жоқ, ал тағылған айыпты негізсіз деп атады.
- Рысқалиев – президент тағайындаған әкім. Ол осы жерде мемлекет басшысының, үкіметтің атынан өкілдік етті. Бүкіл заңнамалық актілерге сәйкес, ол шектеусіз дерлік өкілеттіктерге ие болды. Оның мемлекеттік аппараты болып, соған билік етті. Тиісінше нұсқау берді. Егер ол өзінің осы билігі мен өкілеттігін пайдаланған болса, оны оған осы биліктің өзі берді. Сонда бұл заңсыз болғаны ма? Егер мен, әкімнің орынбасары болсам, қызметтік міндеттемеде менің немен айналысуға тиіс екенім жазылған. Менің басқа ҰҚҚ басшылары: Әлбақасовпен, Рысқалимен және Желдібаевпен байланысыма келер болсақ, ол тергеу ісімен де, айыптау ісімен де дәлелденген жоқ.
Сөзінің соңында Дәукенов сотқа қарап:
- Білімім бойынша заңгер болғандықтан, өзімнің кейбір әрекеттерім үшін жауап беруім керек екендігін түсінемін. Біз бәріміз нұсқауды орындадық, әлдебір салдары туралы ойланған жоқпыз. Егер әділ болатын болса, мен кез келген жазаны қабыл аламын, - деп мәлімдеді.
А. ӘБДІРОВ: «МЕНІҢ ТЕНДЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСЫМ БОЛҒАН ЖОҚ»
Облыс әкімінің тағы бір орынбасары Асқар ӘБДІРОВ өзін кінәлімін деп есептемеді. Ол да іс материалдарындағы Бәсекелестік туралы агенттіктің бұйрықтары туралы еске салды:
- Тергеушілер «Бәсекелестік туралы» Заңның 77-бабы мен «Облтрансгаз», «Облыстық әкімдіктің шаруашылық басқармасы», «Атырау Ақпарат» кәсіпорындары үшін қызмет етуге тыйым салу жөнінде Бәсекелестікті қорғау туралы агенттіктің бұйрықтарын толықтай ескермеді.
Әбдіров көрінеу заңсыз құжаттарға қол қоймағанын мәлімдеді. «Жекешелендіру туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бәсекелестік туралы» заңдарға сәйкес әзірленіп, заңгерлер мен әкімдіктегі бүкіл басшы қызметкерлер мақұлдаған әкімдік қаулыларын заңсыз деп есептеген.
- Заңға сәйкес, бағаны төмендету жөніндегі комиссия шешімі ұсыныс сипатында болды. Өкілетті органның ұсынысы негізінде алқаластықпен қабылданды. Мұны сотта комиссияның бүкіл мүшесі растады. Нысандардың ақырғы бағасы әр кез сайын қаржы басқармасының бұйрығымен бекітіліп отырды, - деді Әбдіров.
Әбдіровтің қорғаушысының пікірінше, соттағы бүкіл дәлелдерді зерттеу жұмысы «Әбдіровтің ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне саналы түрде қатысуы туралы тергеу жорамалын толықтай теріске шығарады».Әбдіров пен оның қорғаушысы айыптау тарапынан оның кінәсін дәлелдейтін ешқандай дәлел ұсынылмағанын мәлімдеді.
- Құпияланған куәгерлердің жауаптары күмәнді. Оның үстіне, олардың бірі айыпталушы болып табылады (жауап алу хаттамасына сәйкес САНЖАРОВ деген бүркеме есімді куәгердің өзі «Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету» деп аталатын ҚР ҚК-нің 176-бабы бойынша (осы қылмыстық іс бойынша) айыпталушы болып табылады. Әбдіровтің адвокаты Гүлнәр ЖҰМАХАНОВАНЫҢ айтуынша, заң бойынша тұлға бір уақытта айыпталушы әрі куәгер бола алмайды. Айтпақшы, осы құпия куәгер сотта тергеу қысымымен берілді деп, өз жауабынан толықтай бас тартты – З.Б. ескертпесі). Ал екіншісінің (ҚАСИМОВ деген бүркеме есімді куәгер) тергеушілердің ықыласына кіріптар болғаны сөзсіз. Өйткені жекешелендірілген нысандарды сатып алушы болғанын тікелей мәлім еткен. Облыстық әкімдіктің бұрынғы және қазіргі қызметкерлері жекешелендіруге қатысты қаулылар мен хаттамалар ҚР заңнамаларына сәйкес әзірленгенін сотта растады. Құжаттарды дайындауға, тендерлерге менің еш қатысым болған жоқ. Өйткені жекешелендіру мәселесіне мен жетекшілік етпеймін. Соған орай, ҚК-тің 307-бабы бойынша («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») айып тағылуы дұрыс емес, өйткені мен өзімде жоқ өкілеттікті теріс пайдалануым мүмкін емес.
Әбдіров сотта аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің бұрынғы директоры С.ДИДЕНКОНЫҢ нысандарды баланстық немесе нарықтық бағадан төмен бағаға сату ҚР заңнамасын бұзу болып табылмайды, «1 теңгеге де сатуға болады» деп растаған куәгерлік жауабына меңзеді.
Әбдіровке дейін бірнеше күн бұрын Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ (бұрынғы қаржы басқармасының бастығы) адвокаты ӨМІРБЕКОВА қолданыстағы норманы растап, мысал келтірген еді. Ол сотқа Қаржы министрлігінің https://gosreestr.kzсайтынан түсіріп алған мәліметтерін көрсетті. Онда шынымен де бәсекелестік ортаға баланстық құнынан анағұрлым төмен сомаға немесе символикалық баға - 1 теңгеге берілген мемлекет меншігіндегі нысандар туралы ақпарат бар екен.
- Әбдіровке қарсы басты айыптаудағы негізгі куәгерлер де, соның ішінде қазіргі облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ та ешқандай куәлік берген жоқ. Куәгерлердің ешқайсысы да Әбдіровті Б.Рысқалиевқа жақын жүрген адам, оның сенімді тұлғасы деп атамайды. Тиісінше, тергеу ісінің жекешелендіру жөніндегі бұрынғы әкімнің жоспарынан хабардар болды деген дәйектері негізсіз, - деді адвокат Жұмаханова. – 2012 жылдың күзінде нысандарды қайтаруды Әбдіровтің өзі қамтамасыз етті, мұны облыстық әкімдік растайды.
«МЕН ТЕК ӨЗ ЖҰМЫСЫМДЫ АТҚАРДЫМ»
Жұмаханова тергеушілер тарапынан өз қорғалушысына қатысты заңбұзушылықтардың орын алғаны туралы мәлімдеді:
- 2010 жылдың қарашасында Әбдіров қол қойған қаулы бойынша, оған 2011 жылдың наурызында қабылданған «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның бұзылғаны туралы айып тағылды. ҚІК-тің 186-бабы («Қылмыстық іс қозғау тәртібі») бойынша ең өрескел заң бұзушылық жасалды – А.Әбдіровке қатысты 235-баптың 3-тармағы («ҰҚҚ-ға қатысу») бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Алайда осы бап бойынша айып тағылды. Оған бұл туралы хабарлап, таныстырған жоқ.
Айтпақшы, Әбдіровтен басқа, іс материалдарында құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Ибрагим ӘМІРОВКЕ, энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВҚА және құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВКЕ қатысты 235-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы жөніндегі қаулы жоқ. Қалай дегенмен де, сотта олардың адвокаттары осылай деп растады.
Адвокат Жұмаханова С.Нақпаевқа қатысты жіберілген осындай заңбұзушылық үшін оны Жоғарғы сот ақтап шығарғанын атап өтті. Әбдіровтің адвокаты оның әрекеті ҚР ҚК-тің 37-бабы («Бұйрықты немесе өкімді орындау») бойынша белгіленуі тиіс деп есептейді. Өйткені ол міндетті әкімнің ресми жазбаша өкімдерін орындау үшін әрекет етті.
Басқа сотталушылар да өздерінің ҰҚҚ-қа саналы түрде қатысқандықтарын теріске шығарып отыр. Өз сөзін «Мемсараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ұлан ҚҰРАЛБАЕВ былай деп аяқтады:
- Мені қандай да болмасын ұрлық жасаудың немесе бюджет қаржыларын ұрлауға қолдау көрсетудің қылмыстық жоспарымен ешкім де таныстырған жоқ. Мен өзіме жүктелген еңбек міндеттемемнің, қызметтік өкілеттігімнің шеңберінде жұмысымды атқардым.
Осы секілді түсініктегі пікірлерді сот шешімі шығарылатын қарсаңда сотқа сөйлеген сөздерінде сотталушылардың барлығы дерлік қайталап шықты.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА