Атырау, 23 қараша 10:23
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экономикалық істердің қиындығы

2 644 просмотра

№2 қалалық сотта экономикалық қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Оған №2 қалалық соттың төрағасы Айгүл ТӘШЕНОВА, облыстық соттың судьялары Тәтті УӘЛИЕВА мен Сандуғаш СҮЛЕЙМЕНОВА, Сот сараптама институтының бас сарапшысы Гаухар ДОСМҰХАНОВА, прокуратура өкілдері қатысты. Айта кету керек, қатысушылардың бәрі кездесуге қаржы полициясы департаментінің шақырылған өкілдерінің кездесуге келмегеніне өкініш білдірді. Оларға соттардың қояр сұрақтары көп екен, өйткені олар экономикалық қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізеді.

№2 қалалық соттың судьясы Дәурен ДАУЫМОВТЫҢ айтуынша, анағұрлым кең тараған экономикалық қылмыстың бірі жалған кәсіпкерлік болып табылады. Жыл басынан бері №2 сот сегіз тұлғаға қатысты алты қылмыстық істі қараған. Соның ішінде екі іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, ал қалған төрт іс қосымша тергеуге жіберілген. Олардың бірі екінші рет қосымша тергеуге жіберілді.

Қозғалған істердің аздығы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР ҚК-нің жаңа редакциясындағы осы бап бойынша (192) жауапкершіліктің  жеңілдетілгендігімен және егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда жауапкершілік қарастырылатындығымен түсіндіріледі.

Дөңгелек үстелде айтылғандай, 2015 жылы 192-бап бойынша жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер күтілуде. Бәлкім, келер жылы экономикалық қылмыстар бойынша істер көбейетін болар.

Г. Досмұханова (оған да соттардың сұрақтары көп болатын) сарапшыларға бетпе бет келетін қиындықтарды түсіндірді:

– Менің өзім Рысқалиевтың ісі бойынша жалған кәсіпкерлік топтамасын жүргіздім. Кейде сараптама жүргізу өте қиынға соғады. Өйткені әңгіме тек бір, екі және тіпті он ЖШС туралы емес, 100-200 ЖШС-лер туралы болып отыр. Бәлкім, тергеу кезінде оларды бөліп, жекелеп қараған дұрыс болар ма еді. Тауарлар немесе қызметтердің шығу көзін анықтау өте қиын, ал бұл тауарсыз есеп шот фактурасы екенін дәлелдеу үшін қажет.

Сараптама тағайындау кезінде бізге құрылтайшылық құжаттар, бухгалтерлік, банктік құжаттамалар ұсынылмайды, ал мұның бәрі экономикалық зерттеу нысандарының жиынтығы. Егер тіпті бухгалтерлік құжаттар бар болса да, реквизиттер көрсетілмейді, тұ  (лғалардың материалдық жауапкершілігі жазылмаған, осының салдарынан экономикалық тексеру жүргізу мүмкін емес. Тергеушілер сараптама тағайындай бермейді. Қазір олардың арасында үлкен жұмыстар жүріп жатыр, мен оларға материалды үлестіріп бердім. Бірақ үнемі барлық жерде де белгілі бір қателіктер орын алған. Тіпті қылмыстық істерді әкелуге де мұршалары болмайды, ал біз бәрін тексеруге тиіспіз.

– Экономикалық қылмыстар – бұл өте маңызды мәселе, өйткені әңгіме миллиардтар туралы болып отыр, - деді сөзін түйіндеген Т.Уәлиева. – Мұндай талқылаулар қарап тексеру сапасына ықпал етеді және болашақта бізге заңның бүкіл талаптары орындалған жақсы тексерілген істер келіп түседі деп үміттенеміз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 қазан 2014, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.