Атырау, 11 желтоқсан 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ажалымыз ауадан келмесін

4 248 просмотра

Қалада тыныстайтын ауа жоқ. Көшелердегі күндізгі көлік газдарынан бүлінген ауаға адамдар үйреніп болды. Енді тұрғын секторды түнде түтін жайлап алатын болған.

Бірінші себеп:бұл қалалық қоқыс орнындағы метанның аңқыған иісі.

Қоқыс газы қазіргі заманауи қалалардың сорына айналған. Оның түзілуін жою мүмкін емес. Өйткені тұрмыстық қалдықтар шіриді. Қоқыс газы экология мен адам үшін ең қауіпті газдардың бірі боп табылады. Бір тонна қоқыс 5-6 жыл бойына метан шығаруға қабілетті болады. 

Екінші себеп: түтін бір уақытта қоқыс орны мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан келуі мүмкін. Қала түтін шығаратын тұрбалармен қоршалған. Қоқыс орнынан сасыған иіс аңқып келіп жатқан кезде, соны пайдаланып, қаладағы кез-келген ірі өнеркәсіп кәсіпорындары қала көгін ыстауы мүмкін. Бұл арада Қарабатандағы өнеркәсіптік аймақ жұмысқа кіріспес бұрын жауап берілуі тиіс маңызды сұрақ туындайды.

Сұрақ:облыс орталығында кім және қаншалықты мөлшерде ауаны улап жатқандығы туралы нақты жауап беретін мониторинг жүйесі қашан жасалып болады?

Облыс әкімі мен Жайық-Каспий экологиялық департаменті басшылығының тарапына ауаға шығарындылардың тасталу себептерін тексеруді бастау туралы, түнгі уақытта қала көшелеріндегі зиянды заттардың шоғырлануын өлшеуге және олардың адам ағзасына әсер ету деңгейін анықтауға тапсырма беру өтініші жасалған хат жолдаған едік. Қоқыс орнынан басқа, шығарындыларды ауаға кім тастайтындығын білу үшін біз қаладағы әрбір ауа ластаушы көздер бойынша экологияға әсер ету деңгейін анықтауды сұраймыз. Экология департаменті тиісті хаттың «Атыраугидрометеорология» орталығына жіберілгенін, кешікпей журналистерге ұсынылатындығы айтылған жауабын жолдады.  

Қазіргі уақытта қоқыс орнының жанында жаңа қоқыс полигоны салынуда. «Демек, кешікпей қоқыс газын шығаратын екі орын болады ғой?» - деп «СнабОйл» мердігер компаниясының басшылығынан сұраған едік. Бізге полигонның факелді қондырғыда газды өртеуді қарастыратын метанды пайдаға асыру жүйесімен жабдықталатынын, биылғы жылдың аяғында қоқыс полигоны пайдалануға беріліп, жүйе жұмыс жасайтын болады деп айтты.

Ескі қоқыс орнына келер болсақ, оның тағдыры біржола анықталмаған. Бұл жерде де газды пайдаға асыру жүйесін салу жоспарланғанымен,  бұл жоба енді қаралып жатыр. Билік бұл проблеманы тезірек шешуі керек. Жиналған қоқыс көлеміне қарағанда, қоқыс орны жылдар бойына үздіксіз бықси бермек. Жалпы, өркениетті заманда қоқыс газын өртемейді. Әуелі қоқысты қайталама шикізат жасауға пайдалану үшін тамақ қалдықтарын, пластиктерді, әйнектерді және т.б. қоқыстарды бөлек жинайды. Сонда ешқандай қоқыс газы болмайды. Ал облыста қоқыс өңдейтін зауыттар неге салынбайды? Міне, мәселе қайда жатыр...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 шілде 2011, 00:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.