Атырау, 26 желтоқсан 12:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мейрамханалар мәзірінде не бар?

9 931 просмотра

Жаңа жыл қарсаңы – мәдени-сауықтыру саласының қызметкерлері мен мейрамхана иелері үшін нағыз қызған  шақ. Дәл осы күндері ақшамызды аямай, көңілімізді көтеруге тырысамыз. Көңіл көтеру орындарының қожайындары түскен пайданы әзер есептеп үлгеретін кездер болады. Алайда биылғы жылы жаңажылдық корпоративтерден бұрынғыға қарағанда аз пайда түседі деп күтілуде. Экономикалық ахуалдың орныққанына қарамастан, көптеген атыраулық кәсіпорындар өз ұжымдары үшін жаңажылдық банкеттер өткізуге сараңдық танытып отыр.

НЕНІҢ БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

Жаңажылдық кештерге клиенттерді тарту үшін мейрамхана қожайындарына мерекелік ас мәзірін ұсынып қана қою аз болады. Адамдар барлық нәрсе қамтылған жерге барғанды жөн көреді. Бұлар Ақшақар мен Аяз Ата, асаба мен музыканттар. Кештің ойын-сауық бөлігінің стандартты жиынтығын түрлендіру үшін банкет жасаушылар түрлі-түрлі әртістерді шақырады, отшашулар мен бармен-шоулар ұйымдастырады, конкурстар мен бағалы сыйлықтар ойналатын лотереялар өткізеді. 

24 желтоқсаннан бастап корпоративтік кештер басталады, кейбір орындарда ол 1-ші қаңтарға дейін созылады. Орташа алғанда жаңа жыл алдында ұжыммен көңіл көтеру 5000-нан 8000 теңгеге дейінгі аралықта. Корпоратив уақыты жаңа жыл уақытынан көп бұрын болса, мейрамханалардың ұсыныстары соғұрлым арзандау болады. Бір адамға есептегенде ойын-сауық орындарындағы мерекелік мәзір жиынтығы бірдей дерлік – бұлар түрлі салаттардың 3-4 порциясы, салқын басытқы, ыстық тамақ, бір бөтелкеден шарап, аққайнар немесе арақ, бір литр шырын мен бір бөтелке минералды су. Жаңа жыл жақындаған сайын бұл ас мәзірі қымбаттай береді. Егер қонақтар тапсырыстағы берілген шектен шығуды қаласа, тапсырысқа берілген тамақтар мен сусындарға қарай оның бағасы да қымбатқа шығады.

Жаңа жыл түні осының бәрі екі есеге – бір адамға есептегенде 10000-20000 теңгеге шығады. Тамақтан жоғарыда аталған мерекелік дастарханға жемістер ассортиі мен тәтті пирожныйлар қосылады. Салқын басытқылардың біреу емес, екеуі, оған қоса ішімдік сусындарына бір бөтелке коньяк беріледі.  

Мейрамхана қожайындарының бірі мойындағандай, жаңа жылдық мерекелер биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қымбаттап кеткен: «Біріншіден, азық-түліктердің өзі қымбат. Ал екіншіден, биылғы жылы әртістердің, асабалар мен музыканттардың қызмет көрсету бағалары шарықтап кетті. Мәселен, Аяз Ата Ақшақарымен бірге екі сағаттық бағдарлама үшін 50-60 мың теңге сұрайды. Ал жаңа жыл түні бұл бағдарлама 130 мың теңге тұрады, музыканттардың да бәсі сондай, асабаның қызметі – 30-50 мың теңге шамасында. Бізде, мәселен, кештік ойын-сауық бөлігіне ғана 300 мың теңге кетеді».

ЖАҢА ЖЫЛ КҮНІ ҚОЛАЙСЫЗДАУ

Ойын-сауық орындарының қожайындары қала тұрғындарының белсенділіктерінің төмен екендігін атап өтті. Егер өткен жылы залдар жаңажыл алдындағы банкеттер үшін желтоқсанның басында брондалып, мейрамханаларда ине шаншар жер болмаған болса, биылғы жылы мейрамханалардың көпшілігі бос болмақ. Біріншіден, көпшілігінің қалталары көтере бермейді, екіншіден, мерекенің өзі, көптеген мейрамхана қожайындарының пікірінше, қолайсыз уақытқа сай келіп тұр: «Биылғы жылы отыз бірінші желтоқсан жұма күніне тура келген. Егер жаңажылдық корпоративтік банкеттер туралы айтар болсақ, көптеген кәсіпорындарға биылғы жылы оны өткізетін уақыттары болмайды. Жаңа жыл алдындағы соңғы демалыс күндері - 25-26 желтоқсан, жаңа жылға дейін әлі көп сияқты көрінеді. Содан кейін жаңа жұмыс аптасы басталады. Аптаның қақ ортасында ұжымды көңіл көтеруге алып шығуды әр басшы қалай бермейді – жыл аяғында, әдетте, компанияның көпшілігінде жұмыс көп болады. Ал 30-31 желтоқсанда адамдар Жаңа жылды отбасылары мен жақындарының ортасында қарсы алуға дайындық жасайды. Бұл уақытта олар корпоративті ойлайтын жағдайда болмайды». 

МӨЛШЕРМЕН ІШІҢІЗ

Біреулер үшін Жаңа жыл шығын болса, енді біреулер үшін табыс табу мүмкіндігі. Ал кейде олар қулық әдістермен пайда тауып та жатады. Ойын-сауық орындарында клиенттен көбірек ақша шығару үшін айла-амалдардың бірнеше түрлері жетерлік. Мейрамханаға немесе клубқа жаңажылдық кешті өткізуге барар кезде кеш соңында көңіл көтеруге жұмсалатын шығындар кем дегенде екі-үш есеге көбейетінін ескерген жөн. Тәжірибе көрсеткендей, демалушылар көбінесе тамақ пен сусындарға мейрамхана ұсынған кіру сомасынан тыс мөлшерде тапсырыс беріп жатады. Бұл жерде де сақ болған жөн.

Сусындарға тапсырыс берген кезде даяшылардан графинмен емес, бөтелкемен әкелуді өтінген жөн. Біріншіден, 400 грамм емес, жарты бөтелке коньяк әкелетіндігіне сенімім мол. 100 граммдық мөлшеріне қарағанда бір бөтелке сусын арзанға шығады. Бармендер қымбат сусындарды анағұрлым арзан сусындарға ауыстырып жібереді. Ішімдікке қызған клиенттер даяшы әкелген графиндегі қымбат арақтың орнына анағұрлым арзан арақ құйылғанын байқай бермейді.  

Банкетте ішілген сусын мен желінген тамақтың есебін жүргізетін адамның болғаны жөн. Есеп-шотты әкелген кезде ойын-сауық орындарының қызметкерлері оған артық сома қосып жіберуі ықтимал. Ал, айталық, екі сағат бұрын үйіне кетіп қалған Вася Пупкиннің жарты бөтелке арақ немесе бірден екі бөтелкесін ішкенін дәлелдеу мүмкін болмай қалады. Ыстық тамақ пен салқын басытқыға қатысты да солай.

Тамара СУХОМЛИНОВА

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.