Атырау, 18 желтоқсан 20:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Мұнай арзандағанмен, ойын жалғасуда

3 569 просмотра

Дүйсенбіде, 9 қыркүйек күні Brent маркалы мұнай құны бір баррельге шаққанда 100 доллардан түсіп кетті. Жақында болған ЖЖМ бағасының көтерілуі, бензин дағдарысы (трейдерлердің қолдан жасағаны болуы мүмкін) аясында және жанар-жағар май құнының тағы да артуын күтіп отырған кезде санаға еріксіз келесі сауалдар келеді: Егер баррель арзандап жатса, бензин неге қымбаттайды?

Естеріңізге салсақ, бензин мен дизельді отынның шекті бағасын реттеуді үкімет 2012 жылы бастаған. Содан бері ЖЖМ бағасын өзгерту тек қымбатсуға қарай жүзеге асырылғанын баршамыз білеміз. Алайда, Шекті бағаларды реттеу қағидасы бекіткен анықтамалар бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы, біздің жағдайымызда сәйкесінше уақыттағы «Датированный Брент» (Brent Dtd) стандартты сортының шетелдік валютадағы орташа бағамы есептеледі.

Айтпақшы, мұнай бағасының бір баррельге шаққанда 100 доллардан төмен түсуі бірінші рет емес. Өткен жылда мұндай жағдай екі рет қайталанған. Алайда бізде баға тек жоғарыға қарай өзгертіледі. Мұның себебі неде?

Олжас ХУДАЙБЕРГЕНОВОлжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВБіз осы жағдайға түсінік беру үшін экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВКЕ хабарласқан едік:

- Ия, мұнай бағасы психологиялық межеден төмен түсіп кетті. Жалпы, бір баррельге шаққандағы мұнай бағасы $100-ден 2011 жылдың ақпанында және 2012 жылдың жазында төмен түсті, бұл кездерде, тіпті, $90-нан да төмендеген. 2013 жылдың сәуір-мамыр айларында да баға $100 межеден түсті, міне бүгінде бұл тағы қайталанып отыр. Тактика тұрғысынан бұған көптеген түсініктер беріп кетуге болады: бұл – Қытайдағы экономикалық өсім қарқынының баяулауы, Еуропада құлдыраудың күтілуі, қорлардың көбеюі, мұнай тұтыну өсімі болжамдарының төмендеуі және т.б. Алайда мұнайды тұтыну ұсыныстан үнемі асып кетіп жатады, тіпті, тұтыну өсімінің төмендетілген болжамы да келесі жылы тұтыну күніне 1,2 миллион баррельге өсетінін білдіреді. Сондықтан да, жеке талдау жасау арқылы ештеңені түсіндіре алмаймыз және бұл факторлар тұрақты болып келеді.

Дәл осы сәтте жағдайдың алға қарай қалай өрбейтінінің үш нұсқасы бар. Біріншісі келесі жылы баррельдің орташа бағасы $105 шегінде қалады деген ІЕА болжамдарына сүйенеді. Екінші нұсқа бойынша, мұнай бағасы биыл келесі құлдилау алдында күрт қымбаттайды. Ал үшінші нұсқада бағалар биылдың өзінде төмендейді деп айтылған. Әр нұсқаның да келісіп-келіспейтін өз аргументтері бар, сондықтан да осылардың бірін таңдап алу қиынның қиыны. Ал Қазақстанға келсек, біз үшін дағдарысты деңгей – бұл бір баррель үшін - $75-80.   

Мүмкін, үкімет ҚМГ мұнай базаларында жинақталған отын қорының жеткілікті болуынан (дағдарысқа дейін ұлттық компания осылай деген болатын) және осы қорларды шығынсыз сату үшін бензин бағасын түсірмейтін шығар. Айтпақшы, «АЖ» бетіне «Күзгі дағдарыс» мақаласы шыққаннан кейін ҚМГ-Өнімдері құю бекеттерінде Аи-92 және Аи-95 маркаларының бағалары пайда болды, бұған дейін тек нөл тұрған. Мүмкін, отын шынымен де жеткілікті шығар, алайда оны бағаны көтеру үшін қолдан ұстап отыр ма? Өйткені көтерме бағамен сатушылардың қандай қорлары бар екенін ешкім білмеді ғой.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА 

12 қыркүйек 2014, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.