Атырау, 23 желтоқсан 23:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қап қармағым, қап!

8 579 просмотра

Шілденің әрбір екінші жексенбісінде тойланатын балықшылар күні Атырау облысының барлық тұрғындары үшін төл мереке. Атырауда қолына қармақ ұстап көрмеген адам кемде-кем шығар.

КӨҢІЛДІ ЖӘРМЕҢКЕ

Сенбі күні, 9 шілдеде «Мұнайшы» стадионының алаңындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне келген қала тұрғындары жағымды көрініске тап болып, таң қалысты. Жаңа піскен картоптарды қапшығымен сатып алып, тұтас қызанақтарды таңдай жүріп, бәрі де көз қиықтарымен тосыннан қойылған көріністі тамашалай алатын еді. Арзан азық-түлік жәрмеңкесінде сауда жасауға кіріскен көрермендердің жүздеріне күлкі үйіргілері келген әншілер мен музыканттар, көңілдене билей жөнелген шорты киген қыздар бар өнерлерін салды. Кейбірі картоп салынған пакеттерін аяқтарының астарына қоя салып, көңілдене алақан соғып, шапалақтарын аямады. Концерт аяқталып қалғанда облыстағы еңбегі сіңген балықшыларды марапаттау басталды. Рас, көрермендер концерттің бұл бөлігін бағаламай, өз шаруаларына асықты.

БАЛЫҚШЫЛЫҚТАР МЫСЫҚТАРДЫ ТОЙҒЫЗДЫ

Келесі күні Балықшылар күнін отбасылық мерекеге айналдырған Балықшы поселкесінің тұрғындары бұл күнді өздері мейрамдады. Таңертеңгі сағат 11-де жағалауда «Ақ Жайық» тілшісі ұйымдастырған «Тоқ мысық» деп аталатын қалжыңды мини-конкурс болып өтті. Әдетте, балықшылар конкурс ұйымдастырған кезде ең ірі балықты кім аулайды деп бәсекеге түсетін. Бірақ балықшылар бұл жолы отыз минут ішінде балықтың көп мөлшерін ұстау керек болды. Кішкентай ілмегі бар шағын қармақтармен де балық ауланды. Сол күні балықтың көп қапқанын айта кету керек. Әсіресе сосиска мен құрттарға жақсы ілінді. Конкурс аяқталғанда әр балықшылардың шелегінде жиырмадан отызға дейін ұсақ балықтар болды. Негізінен бұлар -  берш, қызылқанат, тыран, қарагөз, майшабақ балықтары еді. Тіпті бір алабұға түсті. Бәрінің үлкендігі баланың алақанындай ғана. Әдеттегідей, сайыс соңында достық жеңді. Содан соң бүкіл ауланған балықтар бұйырған мысықтардың қағанағы қарық болды. Ал мысықтары жоқ кей балықшылар балықтарды кері өзенге жіберіп қойды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

Айтпақшы:

Интернетте балықшыларға арналған арнайы www.rybalku.ru сайты ашылды. Осы сайттан тек балық аулау туралы ғана емес, белгілі бір балықтарды қалай аулау, жемдеу, қармаққа жем ілу, қармақ қаптыру туралы, ауа-райын, тіпті балық қабу жорамалын да білуге болады.

14 шілде 2011, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.