Шаруа қожалықтары жайлы тынбай жазып жүрген әріптестерімнің және өзімнің де материалдарымызды қарап жүрегіңе жылылық ұялайды, шіркін, тура бала кезімдегідей құрт түскен тәтті алмаларды күтірлете жейтін күндер қайда?! Алайда, иісі мұрын жаратын сол алмаларды базар сөрелерінен қанша іздесем де таппадым, қайда барсаң да сырттан келген ащы, піспей жұлынып, кейін шоланда жатып піскен оңтүстіктің өнімдеріне ғана кезігесің.
ПИЯЗ ӨЗІМІЗДІКІ
Көкөніс пен бақша өнімдері бізде баршылық. Жергілікті картоп және қарбызға біз таңдана қоймаймыз. Оның үстіне тамыз бен қыркүйек айларында базар жергілікті өнімге толады. Қырыққабат, сәбіз, бұрыш пен кәді, қауындарды біз осы мезгілде еш қауіпсіз жей аламыз.
- Бүгінде біз 23% картоп, 31% қырыққабат, 65% пияз және сәбізбен өз-өзімізді қамтамасыз ете аламыз,-дейді ауылшаруашылығы басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы Әділжан САДЫҚОВ. – Біз 2015 жылы жергілікті өнім деңгейі бір есеге артады деген жоспарға сәйкесті шаралар бойынша жұмыс істеп отырмыз, мәселен, біз өзімізді картоппен 60%, қырыққабатпен 70% қамтамасыз ете аламыз. Облыста 2000-нан аса шаруа қожалықтары бар. Өткен жылы олар 44-45 мың тонна көкөніс өндірді.
АЛМАМЫЗ ӘЛІ АЗДАУ
- Базар сөрелері өзіміздің жеміс-жидекке қашан толады?
- Ол күн жақын деуге бола қоймас. Бүгінгі таңда жеміс ағаштарын, оның ішінде алма өсірумен 5 шаруа қожалығы айналысады. Биылғы жылы «Атырауагроөнімдері» шаруашылығының алмасын күтіп отырмыз. Олар алғашқы болып 2006 жылы 14 гектарға алма бағын салған еді. Өткен жылы шаруашылық алғашқы өнімін жинаған болатын. Шамамен 50 немесе 70 тоннадай болған болар, нақты білмедім. Биылғы жылы олар бірнеше жүздеген тонна, бәлкім, 300-400 тоннадай жинар деген үміттеміз.
- Облыс масштабында бұл қанша?
- Егер статистикаға жүгінетін болсақ, жылына 12 мың тонна қажеттілік болса (барлық жеміс ағаштары, оның ішінде алма мен алмұрт), онда ол 0,01 % болғаны.
Қысқасы, қалада алманы табу оңайға түспейді. Тіпті, мейлі, алма ағаштарын 2006 жылы отырғызған барлық шаруашылық бақтары өз өнімдерін толық бергеннің өзінде жоспарланған 2015 жылдың өзінде қажеттіліктің тек 5-6 % ғана жаба алады.
Мен «Атырауагроөнімдеріне» қоңырау шалдым. Осыдан екі жыл бұрын осы шаруашылық туралы материал жазған едім. Сол кездің өзінде-ақ, «Теңізстройсервис» ЖШС-нің еншілес кәсіпорыны болып саналатын бұл шаруашылық иесі Владимир РОЗМЕТОВ өз алмасының дәмін татып үлгерген еді. Өкінішке қарай оның бізге бұйыратын түрі жоқ. Бұл өте үлкен компания бірінші кезекте өз өнімімен өзін қамтамасыз етуге тырысады. Оның құрамына түрлі саладағы бес еншілес компания кіреді, шаруашылық өнімі әзірге өздерінен ауыспайды.
- Базарға аз-мұз ғана шығарылады, көбіне өз асханамызға жіберіледі, - деп түсіндіреді директордың орынбасары Олег ЛУКЬЯНОВ. – Биылғы жылы қанша өнім аламыз және оның қандай бөлігі қала базарларына жіберіледі – ол әзірге белгісіз, егін шілде айының аяғында піседі.
Құлаққа жағымды жаңалық, Розметовтікінен басқа тағы бір шаруашылық жүзім өсірумен айналыса бастаған: бақша дақылдарын өсіруден жеміс-жидек өсіруге көшкен. Алайда, егіншілер ырымшыл халық қой, алғашқы өнімдерін алғанша бұл туралы айтудан бас тартты.
- Келесі жылы, құдай қаласа, нағыз өнім алатын боламыз, сол кезде «Қош келдіңіздер!» дейміз.
КӨКӨНІСТЕН - ЖЕМІС-ЖИДЕККЕ
Жалпы жағдай өзгеруде – бұрын «әлеуметтік маңызы» бар картоп пен пияз өсірумен айналысатын көптеген шаруашылықтар өз саласын «кірпияз» болып есептелетін бақ өнімдеріне өзгертуде. Көптеген шаруашылықтар дабырлатпай-ақ, көбісі эксперимент үшін шағын учаскелерін бақ өнімдеріне бейімдеген. Көкөністер мен бақша дақылдарына деген бәсекелестік барынша жоғары, ал, бізде жеміс-жидек кенже қалған. Облысымыздағы танымал «Райхан» шаруашылығы да өз алмасының пісуін тосып отыр
- Өткен жылы отырғыздық, -дейді директордың міндетін атқарушы Сағидолла БӨЛЕКОВ, - 2013 жылы өнім аламыз деп отырмыз. Ал, әзірге бәрі бұрынғыша: ерте піскен қырыққабат, бұрыш, қызанақ, қияр, қарбыз, кәді...
- Қарбыздарды сатып алуға бола ма, яғни, біздің қарбыздар базарда бар ма?
- 2-3 күннен кейін қарбызды да, қауынды да сатып алуға болады.
- «Райхан» өнімдерін қайдан іздесек екен?
- «Дина» базарынан. Машинада сатылады. Ал, бір-екі аптадан соң супермаркеттерден, әдетте, «Идеал» дүкендер желісінен алуға болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА