Атырау, 11 желтоқсан 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Мемлекеттік аралық бақылау енді бола ма?

6 522 просмотра

Көптен бері қалалық мектептердің  оқушылары мен педагогтары арасында МАБ-ды (мемлекеттік аралық бақылау)  алып тастау жөніндегі алып-қашпа сөз шыққалы біраз болды. Жыл сайын  МАБ-дан еліміздің 4-ші және 9-шы сынып оқушылары өтеді. МАБ 2011 жылы бола ма?  

Естеріңізде болса, бұл емтиханның  ҰБТ қорытындысынан айырмашылығы білім беру мекемелерінің аралық кезеңдеріндегі оқыту сапасын көрсетеді. Егер мектеп оқушылары тапсырмалардың бастапқы деңгейінен өте алмайтын болса, демек, мектеп нашар оқытады.

Облыстық білім беру басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің бас инспекторы Бәтима БАХТИЯРОВАНЫҢайтуынша, 2011 жылы МАБ-ға 9 мыңнан аса төртінші сыныптықтар мен 9,5 мың тоғызыншы сыныптықтар қатысуы тиісті. Тестілеуден қазақ-түрік лицейі мен шипажайлық типтегі мектептер өтпейді. Б.Бахтиярова соңғы уақыттарда облыстық білім басқармасы ҚР Ғылым және білім министрлігінің МАБ-ды алып тастау жөніндегі бұйрығын күтіп отырғандығын растады. Бастапқыда бұл мәселе

желтоқсанның 20-сынан кейін шешіледі делінген болатын, енді ол жаңа жылдан кейінге қалдырылыпты. Ал, әзірге бәрі де сол алып-қашпа әңгіме күйінде қалып отыр. Өйткені, ондай ақпарат Интернетте болған көрінеді. Бірақ, Бәтима Дайырқызының айтуынша, мектеп оқушылары еш нәрсеге қарамастан МАБ-ға жоспар бойынша оқу жылының басынан-ақ дайындалуда.

АМГИ-ның Ұлттық тестілеу орталығының облыстық филиалының басшысы Асылбек МҰХАМБЕТЖАНОВ бұйрықтың келмегендігіне сілтеме жасады. Бұйрық келмеген екен, міндетті түрде МАБ-ға дайындалу керек.

Ресми емес ақпарат көздерінен МАБ-ды алып тастауға соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің өсуі себеп болып отырғандығы белгілі болды. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.